Аусылмен күрес халықаралық деңгейде жүреді

  • 25.08.2021

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі аусыл ауруымен күрес және оны жою мәселелері жөніндегі халықаралық кеңеске қатысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл халықаралық деңгейдегі іс-шара Батыс Еуразия өңірі үшін аусыл бойынша эпидемиологиялық және зертханалық желілердің отырысы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының және Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған.

Ауғанстан, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінен келген арнайы мамандар мен жауапты тұлғалар, сондай-ақ дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының өкілдері мен референттік зертханалардың өкілдері қатысқан жиында қазақстандық өкілдер де арнайы баяндама жасады.

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Г.Нұртазина жасаған баяндамада Батыс Еуразияның аусыл бойынша Жол картасының қорытындылары мен өңірлік басымдықтары туралы тақырып қозғалды.

Нұртазинаның айтуы бойынша, аусылды прогрессивті бақылау мақсатындағы еуразиялық елдер арасындағы өңірлік өзара кооперация аурудың 2025 жылға қарай клиникалық көрінісінен еркіндікке әкеледі және бұл экономикалық дамуға және кедейлік деңгейін төмендетуге ықпал етеді.

Жалпы, халықаралық жиынның қорытындысы жайлы:

«Кеңес қорытындысы бойынша аусылмен күрес бойынша негізгі басымдықтар айқындалды, сондай-ақ Батыс Еуразиядағы аусылды бақылау бойынша Жол картасына сәйкес қолайсыз елдер үшін әл-ауқат мәртебесін алу бойынша одан әрі қадамдар айқындалды», делінген ведомство таратқан хабарламада.

Айта кету керек, аусыл – ең танымал жұқпалы вирустық аурулардың бірі. Бұл ауру жаппай таралуы мүмкін және экономикалық, әлеуметтік және экологиялық апаттарға себеп болуы мүмкін қауіпті ауру.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін