Бейсен Құранбек атындағы сыйлықтың иегерлері анықталды

Malim Админ

  • 26.06.2020

Бүгін Елордада бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, салалық мемлекеттік органның  қызметкерлері, отандық БАҚ өкілдері қатысты. Шара елдегі эпидемиологиялық жағдай талаптарына байланысты онлайн-форматта өтті.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі барлық журналистер мен БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Соңғы айлардағы қиын жағдай кезінде өз денсаулығы мен өміріне қауіпті екеніне қарамастан, адамдарға шынайы ақпарат таратып, адамдардың ертеңгі күнге деген сенімін арттыру мақсатында кәсіби міндетін адал атқарып  жүрген  медиа қызметкерлері жұмысына қоғам күә», - деді Аида Балаева.

Салтанатты іс-шара аясында жоғары кәсіби шеберлігі  үшін еліміздің барлық аймақтарынан  ондаған медиа қызметкерлер ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Құрмет Грамотасымен және отандық журналистиканы дамытуға айрықша үлес қосқан медиа майталмандары "Ақпарат саласының үздігі " төс белгісімен марапатталды. Санитарлық эпидемиологиялық жағдайға байланысты марапат тек Qazaqstan және "Хабар 24" телеарналарының журналистері Мақпал Укенова мен Қанат Базылханов, Aiqyn және "Казахстанская правда" газеттерінің журналистері Айтжан Мұржанов пен Асқар Бейсенбаевқа табысталды.

Сонымен қатар, биыл алғаш рет белгілі журналист және қоғам қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты Бейсен Құранбек атындағы "Жігер" сыйлығы тағайындалғаны белгілі. Естеріңізге сала кетейік, төрт номинация бойынша конкурсқа қатысу үшін өтінімдер қабылдау 2020 жылдың 26 мамыры мен 15 маусымы аралығында өткен болатын. Жеңімпаздарға сыйлықты "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісінің жаңа иегерлері табыстау құрметіне ие болады.

"Жігер" сыйлығының  Мерей Шохманова ("Хабар 24" ТК, "әлеуметтік тақырыптағы үздік ТВ сюжеті" аталымында), Азамат Қасым ("Egemen Qazaqstan" газеті, «әлеуметтік тақырыптағы үздік мақала»), Ақжелең Рахатдинқызы ("Алматы" ТК, "әлеуметтік тақырыпта ең үздік жарияланым (әлеуметтік желіде),Ольга Бугаева, (АА "Pavlodarnews.kz", "әлеуметтік тақырыптағы үздік фотосурет" аталымында) алғашқы иегерлері атанды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева журналист мамандығын тек бойында айрықша азаматтық ұстанымы, кең дүниетанымы мен жоғары адамгершілік құндылықтары бар адамдар ғана алып жүретінін атап өтіп,  барлық БАҚ қауымдастығы өкілдеріне алғысын білдірді. Мерекелік шарада журналистер күніне арнайы жазылған әннің тұсауы да кесілді.

 

 

Байланысты жаналықтар

Реклама депутата Даулета Мукаева обернулась скандалом

25.05.2023

Маңғыстауда жемқорлардың арқасында 4 мектеп салынады

24.05.2023

Суы мол Текелінің тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

23.05.2023

Сусыз қалған астаналықтар көшені жауып тастады 

23.05.2023

Медицинский чекап для молодоженов вводит Минздрав

23.05.2023

Тұрғындарды үйсіз қалдырған әкім сөгіс алды

23.05.2023
MalimBlocks
Реклама депутата Даулета Мукаева обернулась скандалом

Жители столичного комплекса Bai-Tursyn жалуются на рекламу депутата парламента с большой аудиторией в соцсетях Даулета Мукаева. Они считают, что парламентарий, еще до обретения депутатского мандата, ввел их в заблуждение, рекламируя новостройки, качеством которой они сейчас недовольны.

Маңғыстауда жемқорлардың арқасында 4 мектеп салынады

Маңғыстау облысында жемқорлықпен айыпталған шенеуніктерден тәркіленген қаржыға биыл 4 мектеп салынатын болды.

Суы мол Текелінің тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

Жетісу облысындағы Текелі қаласының 30 мыңнан астам тұрғыны ауыз суды Қора өзенінен ішіп отыр.

Сусыз қалған астаналықтар көшені жауып тастады 

Олар амалсыздан осындай әрекетке барып отыр

Медицинский чекап для молодоженов вводит Минздрав

Минздрав Казахстана предлагает ввести паспорт здоровья для будущих семейных пар. Документ предполагает прохождение комплексного медицинского обследования.

Тұрғындарды үйсіз қалдырған әкім сөгіс алды

Биыл осы мақсатқа 67 млн теңге жоспарланған, алайда тиісті жұмыстар  жүргізілмеген.