Дидье Дешам: Қазақстанның қақпашысы ерекше көзге түсті

Malim Админ

  • 28.03.2021

«Астана Арена» алаңындағы Қазақстан-Франция арасындағы ойын, француздардың пайдасына шешілді. Есеп: 0:2. Усман Дембеле есеп ашып, Сергей Малый өз қақпамызға баспен автогол салды. Екінші таймда гол соғылмады.
Фарнцуздардың бапкері Дидье Дешам ойын туралы айтты. «Бүгінгі ойын туралы айтсам, екінші таймда мүмкіндіктерді пайдалана алмадық. Дембеле мен Марсьяль жақсы ойын көрсетті. Усман гол соқты. Антони осы голда маңызды рөл атқарды. Ойыншылар өз деңгейлерін көрсетті. Біздің командамыз мықты, ал мықтылардан әрқашан жақсы ойын күтеді. Біздің мақсатымыз жеңу, әр ойын сайын жеңіске жетуге тырысамыз», - деді.
Ал біздің құраманың қақпашысы А. Мокиннің үздік ойынын бәрі көрді. Франция бапкері де өз ойын айтып кетті. «Біз екі голдан да көп доп соға алатын едік. Бірақ Қазақстан қақпашысы біздің жойқын шабуылдарымызды тоқтатты. Қарсыластардың ішінен біреуін ерекшелеп айтқым келмейді. Дегенмен қақпашы Мокинді айтпасқа болмайды, ол пенальтидің добын қайтарды. Қазақстанда жас ойыншылар көп. Болашақтары алда деп ойлаймын», - деді Дидье Дешам.