Екібастұзда атыс болып, бір адам ауруханаға түсті 

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр

Malim Админ

  • 16.05.2023

Екібастұзда белгісіз біреу атыс шығарып, бір адам ауруханаға түсті.      Polisia.kz. мәліметінше, 15 мамырда сағат 17:40 шамасында Екібастұз қаласы ПБ кезекші бөліміне М.Жүсіп көшесіндегі медициналық орталықтың жанында әйел көмек сұрап жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Мекенжайға дереу жедел-тергеу тобы жіберілді. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларынан жазбаларды алып, қараған. 

Белгісіз адам атыс қаруынан Екібастұз қаласының 32 жастағы тұрғынына оқ атқаны анықталды. Ер адам ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 9-тармағы, 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.  Күдіктілердің бірі ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. Екінші күдіктінің орналасқан жерін анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.     

 

Байланысты жаналықтар

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты

13.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату туралы келісімді растады

11.05.2025
MalimBlocks
Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату туралы келісімді растады