Коронавирусқа шалдыққан шенеуніктер

Malim Админ

  • 11.03.2020

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 117 мың адамнан асты, 4293 адам қайтыс болды. Коронавирус  тараған 109 елдің қатарына Түркия, Боливия, Конго мен Ямайка қосылды. Коронавируске шетелдің лауазымды тұлғалары да шалдығып жатыр.

Иранда коронавирусқа шалдыққандар 7 мыңнан асты, 237 адам аурудан көз жұмды. Иранда коронавирус тіркелмеген бірде-бір провинция қалмады. Ел билігі аурудың алдын алу үшін түрмедегі 70 мың адамды уақытша бостандыққа шығарды.

Иранда коронавирусқа шалдыққандар арасында вице-президент, денсаулық сақтау министрінің орынбасары, екі парламент мүшесі бар. Иранның жоғарғы басшының жанындағы кеңес мүшесі Сейед Мохаммад Мирмихаммади коронавирустан қайтыс болды.

Италия үкіметі COVID-19-дың таралуын болдырмау үшін елдің солтүстігіндегі 15 аймақты тұтастай карантинге жапты. Италия қарулы күштері бас штабының басшысы Сальваторе Фарина коронавирусқа шалдыққан.

Францияда коронавирусты 1400-ден астам адам жұқтырған. Олардың арасында осы елдің мәдениет министрі Франк Риестер бар. Риестер қазір ауруханада емес, үйінде емделіп жатыр. Мәдениет министрімен кездесіп сөйлескен барлық үкімет мүшелері тексерілді. Мәдениет министрімен Франция президенті Макроннның соңғы рет қашан кездескені ашылып айтылмады.

Ұлыбританияда COVID-19-ды 383 адам жұқтырды, 6 адам көз жұмды. Наурыздың 10-ы күні Ұлыбритания денсаулық сақтау министрінің орынбасары Надин Дорристің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Доррис өткен аптада көптеген үкімет мүшелерімен кездесіп сөйлескен. Парламентте көптеген кездесу өткізіпті. 5 наурыз күні премьер-министр Борис Джонсонмен кездесіп қол алысқан.

Таяуда Германияға іссапарға барып келген Польшаның қарулы күштерінің бас қолбасшысы, генерал Ярослав МИКА коронавирус жұқтырған.Генерал мен оның жанында жүрген он шақты адам карантинге жатқызылды.

Испанияда COVID-19-ға 1600-ден астам шалдықты. Ауру жұқтырғандар арасында депутат, оңшыл VOX партиясының бас хатшысы Хавьер Ортега бар. Партия парламент жұмысын тоқтатуды сұрап, үкіметті коронавирусқа қарсы қатаң шараларды қолға алмағаны үшін сөкті. Испания үкіметі осы күнге дейін іс-шаралар өткізуге тйым салмаған. Сөйтіп, өткен жексенбі күні VOX партиясы 9 мың адаммен кездесу өткізді. Партия осы жиын өткізгені үшін халықтан кешірім сұрап, іс шараға тыйым салмаған үкіметті сынға алды.

Фото: AFP

Байланысты жаналықтар

Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

22.09.2024

Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

27.08.2024

Алматылық қариялардың 30 пайызы короновирус жұқтырған

23.08.2024

Коронавирус қаупі. Маска тағу міндеттеле ме?

16.08.2024

Олимпиадада жүлде алған 3 спортшы мен 2 бапкерден коронавирус анықталды

15.08.2024

Джо Байден коронавирус жұқтырды

18.07.2024
MalimBlocks
Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

Роспотребнадзор XEC COVID-19 штаммының тез таралып жатқанын хабарлады

Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

Ол Тәуелсіздік күніне арналған шараларға қатыспайды

Алматылық қариялардың 30 пайызы короновирус жұқтырған

7 күнде 4 КВИ жағдайы тіркелген

Коронавирус қаупі. Маска тағу міндеттеле ме?

Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар қамтылған

Олимпиадада жүлде алған 3 спортшы мен 2 бапкерден коронавирус анықталды

Президенттің Париж Олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі кейінге қалдырылды.

Джо Байден коронавирус жұқтырды

АҚШ президенті осыған байланысты Лас-Вегаста өтетін конференцияға қатыса алмайды.