Мешіт салатындардың ниеті түзу, бірақ мектеп салу маңыздырақ – Мемлекет басшысы

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтты.

Malim Админ

  • 15.03.2024

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы сөзінде өз қаржысына мешіт салатын кәсіпкерлерге тоқталды.

Сондай-ақ, оқыңыз: Тоқаев Елтаңбаны өзгертуді ұсынды

«Аймақтарда өз қаржысына мешіт салған кәсіпкерлердің ниеті түзу, оны түсінуге болады. Алайда жаңа мектеп, жатақхана, аурухана, кітапхана, мұражай немесе спорт сарайын тұрғызу - әлдеқайда маңыздырақ. Мұның сауабы мол. Кейінгі ұрпақ та осындай игі істерге алғыс айтары анық», - деді құрылтайдағы сөзінде.

Сондай-ақ, бизнес өкілдерін барлық салада белсенді болуға шақырды. Мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, әрдайым әлеуметтік жауапкершілік танытуы керек деп атап өтті.

«Сонда ғана, шын мәнінде, жаңа ұлттық буржуазия қалыптасады деп айта аламыз. Дәл осындай ұлттық буржуазия өкілдері бәсекеге қабілетті экономика құруға және халқына қалтқысыз қызмет етуге қашанда дайын болады», - деді Президент.

Сондай-ақ, оқыңыз: Президент: Менің ұсынысым - есірткі өндірісін ең ауыр қылмысқа теңестіру
 
Фото: ИНТЕРНЕТТЕН

Байланысты жаналықтар

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

18.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

06.05.2025
MalimBlocks