Өз-өзіне қол жұмсаған полиция қызметкері және оның бастығы

Айшолпан КЕРІМ

  • 06.04.2022

5 сәуірде Мөлдір Бекеева Facebook-парақшасында ПД басшылығының қысымы көргенін айтып, қоштасу жазбасын қалдарған. 

Бекеева жазбасында Шымкент қалалық ПД-ң жаңа басшысы Қайрат Дәлбеков журналистердің "шай-майын беріп", өзіне қатысты мақтауды асыруды тапсырған. Оның айтуынша, басшының бұл ұсынысынан  бас тартқан соң оның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Ол бұлай өмір сүре алмайтынын айтып, отбасымен, достарымен және әріптестерімен қоштасқан.

“Мен сындым... Сабырым таусылды… Бүгін Шымкент қаласы Полиция департаментіндегі қызметімнен кеттім. Жәй кеткен жоқпын, үстімнен қылмыстық іс ашылған соң, кеттім!  Қызмет-мансаптың соншалықты адам өмірінен де қымбат екенін бұлай маған ұғындырады деп ойламадым. Адам өз өмірін қалайша қия салады деп ойланатын едім. Енді түсінгендеймін… 

...Жаңа бастығымыз Қ.Дәлбеков мырза келгенде, алдына кіріп: Мен жұмыстан кетейін, қаласаңыз қазірден-ақ орнымды босатайын, дедім. Себебі, ол кісі туралы көпшілік: «Дәлбеков деген – Елбасы Н.Назарбаевтың туған құдасы, енді Шымкентте тек жемқорлық жайлайды», - деді. Сондықтан, мен ол кісімен жұмыс істесе алмайтынымды бірден сездім”, - делінген жазбада.

Бекеева Дәлбеков журналистердің “ставкілерін беріп”, “шай-мәйін көтеріп беретінін” айтып, өзінің мақтауын асыруды тапсырғанын және бұл ұсынысқа қарсылық білдіргенін айтады.

Кейін бұл жағдайға қатысты Malim.kz тілшісіне Шымкент қалалық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, Мөлдір Бекееваға қатысты соталды тергеу Қылмыстық кодекстің 378-бабы "Билік өкілін қорлау" бойынша жүргізіліп жатыр.

"Наурыздың аяғында Youtube-те Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы (Мөлдір Бекеева - еск.) полиция қызметкеріне балағат сөздер айтты деген жазба пайда болды. Осыған байланысты Шымкент қалалық ПД басшысы ішкі тексеріс тағайындады. Нәтижесінде Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері баспасөз қызметі басшысымен әңгімесін жазып алған полицейді анықтады. Қызметкер қарт ата-анасының жалғыз асыраушысы болғандықтан, жұмысын сақтап қалу үшін былтыр желтоқсанда осы әңгімені жазып алғанын түсіндірді. Штабтың Жедел басқару орталығының офицері және маманы бола тұра, ол бұрынғы ПД басшысының бұйрығы бойынша баспасөз хатшысының қолбасшылығына жіберілген. Ал ол өз кезегінде, оны күнде келеңсіздікке ұшыратып, балағаттап, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлаған. Бұл ретте Бекеева жұмыстан шығарамыз деп қорқытқан. Кейін ол бұл жазбаны WhatsApp желісінде бөліскен, ал өзі моральдық және психологиялық қысымға төтеп бере алмай, ауруханаға түсті", - делінген Өзіндік қауіпсіздік басқармасы хабарламасында.

ПД ресми өкілі Салтанат Қарабозова бұл полицейдің сөзін баспасөз қызметі мен кадр жұмысы, сондай-ақ бес жүргізуші қолдап, растағанын айтады. 

"Олардың бәрі Бекеева ПД баспасөз қызметін басқарған 10 ай ішінде жұмыс істегені белгілі болды. Содан кейін Жедел басқару орталығының қызметкері қылмыстық іс қозғау туралы хаттама толтырды. Оның хабарламасы ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы "Билік өкілін қорлау" бойынша тіркелді. Өтініш бойынша соталды тергеуді анықтау бөлімі жүргізеді. 

Ал Бекееваның өз-өзіне қол жұмсау жайты бойынша қазір ҚР ҚК 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалалық ПД ресми өкілінің сөзінше, Бекеева қазір ауруханада жан сақтау бөлімінде.

Ал Қаратау аудандық полиция бөлімінде өзіне қол жұмсау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша соталды тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, оқиғада басты кейіпкерлердің бірі болып отырған Қайрат Дәлбеков 2022 жылдың 4 ақпанында Шымкент полиция департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған болатын. Бұған дейін ол Түркістан полиция департаменті басшысы қызметін атқарған.

Байланысты жаналықтар

Амангелді Құрметұлы: Украина Қырым көпірін құлатуды жоспарлап отыр

30.04.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024
MalimBlocks
Амангелді Құрметұлы: Украина Қырым көпірін құлатуды жоспарлап отыр

Өйткені, Қырым көпірін құлатпайынша, майдандағы әскерге жеткізілетін қару-жарақ, оқ-дәрі, киім-кешек легін тоқтату қиын.

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды