Салықтан қашсаң сотқа тап боласың

  • 14.03.2023

 

Салықты төлеу жөнінде хабарламаларды алған жағдайда көп азаматтар бей-жай қарап жаба салуы мүмкін. Салық бәріне міндеттелген, сондай-ақ мемлекетке төленетін төлем. Азаматтар үшін салықтың төлемдерін уақтылы және жүйелі түрде төлеп отыру өте маңызды. Елімізде кейбір атаулы әлеуметтік бағдарламалар осы салықтың қаржысымен қамтамасыз етіліп отыр.

Салықтың түрлері мен олардың бағытталған мақсаттары бар: көлік салығы мен мүлік және табыс салығы сияқты салықтың бірнеше түрлері бар. Мемлекеттің жұмыс жасап отыруы осы салынатын салықтарға тікелей байланысты. Егер салықты төлеуден жалтарған жағдайда мемлекеттен шаралар қолданылады және оны төлемеген жағдайда өсемақы тағайындалады.

Алматы қаласында былтыр 16,6 миллиард теңге көлік салығы төленбеген. Салықты уақтылы төлемегендердің ісі енді сотқа жолданатын болады. Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қуаныш Түменбаевтың хабарлауы бойынша 2023 жылдың 1-сәуіріне дейін көлік салығын төлемегендер ісі сотқа жолданатын болады. Ал, қаладағы 441 221 жеке тұлғалардың бастарына тіркелген көліктер саны 709 944 ті құрап отыр. Өткен жылдың салығын төлеу міндетті және оны төлемеген жағдайда салықтың кешіккен әр күні үшін 1,25 еселенген мөлшерде өсімпұл салынады. Салық төлеушіге 30 күннің ішінде қарызын төлеу туралы хабарлама жіберіліп, хабарламаның мерзімінен соң берешек сомасы 3 450 теңгеден асса, салық төлеушіге бес жұмыс күнінің ішінде берешекті өндіру туралы шаралар қолданылады.

Басқарма басшылығының ескертуі бойынша, салықтан жалтарған азаматтарға сот орындаушыларынан одан әрі мәжбүрлі түрде төлету шаралары қолданылады: мүлкі тәркіленіп, банктегі есепшоттары  бұғатталады, одан соң елден сыртқа шығу мүмкіндігінен де айырылады. Салықты төлеуден қасақана жалтарған жағдайда оның салдары азаматтар үшін ауыр болмақ. Ірі көлемде салықтан жалтарған жағдайда – 8 334 000 теңге айыппұл төлеуге міндетті. Сондай-ақ борышкер сот орындаушысының қызметі үшін ақы төлеуіне тура келеді және ол қарызының 25-пайызына дейін есептелуі мүмкін.

Сонымен қатар салықты төлемеген жағдайда 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Салықты төлеудің жолдары мен қызметтері де қарастырылған. Олар e-Salyq Azamat моюильді қосымшасымен не болмаса www.kgd.gov.kz арқылы және Қазпочта арқылы және банк мобильді қосымшаларының көмегемен төлеуге мүмкіндіктер жасалған.   

Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарға тек ескерту беріп қана қоймай, олардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі үшін барлық мүмкіндіктерді жасайтынын, соның арқасында азаматтардың да шырғалаңға түспегенін қалайды.

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.