Саяси реформалар аудандық мәслихаттардың ықпалын арттырды

Malim Админ

  • 23.11.2023

2023 жылғы 19 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдеме жасады. Онда Президент бұл сайлаудың өзгеше болатынын мәлімдеді.

«Мен Конституцияға сәйкес, Парламент палаталарының төрағаларымен, Премьер-Министрмен кеңесіп, Мәжілісті тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлықтарға қол қойдым. Депутаттарға белсенді әрі жемісті жұмысы үшін алғыс айтамын. Мәжіліс пен мәслихат депутаттары еліміздегі ауқымды реформаларды іске асыруға барынша атсалысты. Олар сайлаушылармен жиі кездесу өткізді. Шалғайдағы елді мекендерге барды. Сондай-ақ жұртты толғандырған өзекті мәселелерді көтеріп, қоғамдық пікірталасқа ұйытқы болды. Жаңадан сайланатын депутаттар да жұмысты осы қарқынмен жалғастырып, еліміздің жан-жақты жаңғыруына ерекше үлес қосады деп сенемін. Мәжілістің кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтеді. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын Орталық сайлау комиссиясы белгілейді.  Өздеріңізге мәлім, мен былтыр күздегі Жолдауымда Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы осы жылдың бірінші жартысында болатынын жарияладым. Яғни, бұл бастама айтылған сәттен сайлауға дейін жарты жылдан астам уақыт өтеді. Тәуелсіздік жылдарында сайлауға дайындалу үшін кандидаттар мен саяси партияларға осыншама көп уақыт берілген емес.   Мәжілістің және мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы – конституциялық реформаның жалғасы. Былтырғы референдумда халқымыз бұл реформаға қолдау білдірді. Соның нәтижесінде еліміз өкілді билікті жаңа, әділ әрі ашық бәсекеге жол ашатын қағида бойынша жасақтауға көшті. Енді Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Ал аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді. Осылайша, Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады. Сонда сайлаушылардың мүддесі жалпыұлттық және аймақтық деңгейде толық қорғалады. Өкілді билікке түрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне мүмкіндік туады. Азаматтық қоғамның одан әрі дамуына айтарлықтай жағдай жасалады. Конституциялық реформа аясында саяси партияларды тіркеу рәсімі жеңілдетілді. Атап айтқанда, партия мүшелерінің санына қатысты талап өзгерді. Оның төменгі шегі төрт есе төмендеп, 20 мыңнан 5 мыңға дейін азайды. Партиялардың әр аймақтағы өкілдерінің саны кемінде 600 адам болуға тиіс еді, ал қазір 200 адамға дейін төмендеді. Осы және басқа да жүйелі шаралардың нәтижесінде елімізде көп уақыттан бері алғаш рет бірнеше жаңа саяси партия тіркелді» деді Президент.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізіп, 2023 жылғы наурыз айында Жетісай аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының депутаттары сайланды. Жаңа тұлғаларға жол ашылды. Ел саяси реформаларды жылы қабылдады.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 «Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы» қаулысымен 8 шақырылған Жетісай аудандық мәслихатының депутаттарының саны 22 болып айқындалды.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық талаптарына сәйкес, партия тізімімен аудандық мәслихаттың депутаттығына сайланған 22 депутат сайланды, атап айтқанда: 

«AMANAT» партиясынан – 10 депутат;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан – 1 депутат;

Өзін-өзі ұсынған – 11 депутат. 

Бүгінгі күнде «AMANAT» партиясы депутаттары фракциясының құрамында 19 депутат бар.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес мәслихаттардың қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады және мәслихат құзыретіне белгіленген міндеттерді іске асырады. Өңір тынысына қатысты өзекті мәселелер міндетті түрде аудандық мәслихат сессияларында қаралады. Сессияларда ауданның даму бағдарламаларының орындалуы жөнінде, бөлім басшыларының есептері тыңдалды.

Сегізінші шақырылымда аудандық мәслихаттың 9 сессиясы өткізіліп, БАҚ өкілдерінің парақшаларында жарияланып, «Youtube» онлайн-платформасында тікелей эфирде көрсетілді. Онда 58 мәселе қаралды. Олардың үшеуі кезекті, ал алтауы кезектен тыс сессиялар. Сессияларда аудандық бюджетті қалыптастыру және оның орындалуы, «Дербес бөлім басшыларының және кент, ауылдық округ әкімдерінің атқарған жұмыстарының есебі туралы», «Аудандағы қылмыстың алдын алу туралы», «Аудандағы денсаулық сақтау жұмыстарының жағдайы туралы», «Аудандағы білім саласының жағдайы туралы» және Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі аудан әкімінің есебі қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, сессия барысында қаралған мәселелер бойынша шешімдер қаралып, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті.

Сонымен қатар, мәслихат міндеттерінің басым бағыттарын жүзеге асыруда тұрақты комиссиялардың орны айрықша.

Мәслихатта бюджет және экономикалық даму, әлеуметтік даму, ауыл, өндіріс және ауыл шаруашылығы, мемлекеттік-құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялары өз қызметтерін атқаруда.

Сегізінші шақырылымда бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы болып Қайназаров Асқар Нұртайұлы, әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы болып Ахметов Елдос  Кайбренович сайланды.

Бірлескен тұрақты комиссиялардың 10-ға жуық отырысы болды.

Жалпы, тұрақты комиссиялардың құзіретіне Қазақстан Республикасының білім беру, жұмыссыздық, қаржы, денсаулық сақтау, салық саясаты, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы мәселелері бойынша заңдарды іске асыру бағдарламаларымен, жоспарлары және аудандық мәслихаттың сессияларында қаралатын мәселелердің кең спектрі енеді.

Атқарылған жұмыстар туралы тұрақты комиссиялардың төрағалары мәслихаттың сессияларында есеп беріп келеді.

Сонымен қатар, депутаттар алдын ала бекітілген кестеге сәйкес жыл ішінде «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарға қабылдау жүргізеді. Бұл туралы жұртшылыққа алдын ала хабардар етіледі.

Бұл қабылдауларда көтерілген мәселелер бойынша депутаттар өздерінің құзіретінде шешілетін мәселелерді жедел ұйымдастырып келеді. Қабылдаулар бойынша жыл сайын талдау жасалып отырылады. Талдау көрсеткеніндей, азаматтардың қабылдауда негізгі көтеретін мәселелері: жұмысқа орналасу, инфрақұрылым және тұрғын үй мәселелері. Осыған орай кейбір мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдарға хатпен жолданады.

«AMANAT» партиясы депутаттары фракцияның 4 отырысы өткізіліп, Жол картаның орындалуы бойынша жауапты 10 лауазымды тұлғаның есептері тыңдалып, шешімдер қабылданды.

Депутаттық өкілетті жүзеге асырудың маңызды бір түрі – депутаттық сауал жолдау. 2023 жылы аудандық мәслихаттың депутаттарымен 101 депутаттық сауал жолданды. Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың депутаттары облыстық мәслихаттың депутаттарымен бірлесіп сайлаушыларымен кездесу өткізіп отыр.

Мәслихат депутаттарының қатысуымен 10 брифинг өтті.

Мәслихат аппаратына түскен  Е-өтініш порталы арқылы 41 өтініш түсіп, 23 өтініш орындалып, 18 өтінішке түсініктеме берілген.

Сайлаушылардан келіп түскен мәслихат депутаттарының бақылауындағы 198 өтініштің 98-і қайталанған, 85-і (43%) орындалған, 10-на (5%) түсініктеме берілген, 5-і (2%) орындалуда.

Ауданның негізгі экономикалық көрсеткіштеріне тоқтала кетсек, жалпы өңірлік өнім көлемі 54 млрд 544.1 млн. теңге теңгені құрайды.

Кейбір өзекті мәселелерді сессияларда қарауға әзірлеу мақсатында депутаттардан құралған уақытша «Жұмысшы тобы» құрылады. Алдағы уақытта да әрбір өзекті мәселелер бойынша депутаттық уақытша Жұмысшы топтар құрылып, өз жұмыстарын ұйымдастырып отыратын болады.

Түрлі шаралар мен акцияларды ұйымдастыру болсын, мереке, спорттық жарыстарды өткізу, балалар, оқушылар, ардагерлер, зейнеткерлерге қамқорлық көрсету орайында да билікпен бірге аудандық мәслихаттың депутаттары белсенділік танытуда.

Алдағы уақытта жоғарыда айтып өткен мәселелер бойынша депутаттық корпус өз жұмыстарын жалғастыратын болады. Саяси реформалар аудандық мәслихаттардың ықпалын арттырды.

Медет Касимов,

Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты

Байланысты жаналықтар

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

27.06.2024

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

25.06.2024
MalimBlocks
Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

Ұлттық нақышты киім-кешекке принт түрінде түсіріп, ұлттық сананы жаңғырту жолдарын іздеген дарынды суретші, ұлт жанашыры Аңсаған Мұстафамен әңгімелесудің сәті түсті.