Сенатордың өкілі мәлімдеме жасады

Malim Админ

  • 27.06.2021

Ғарышкер, Сенат депутаты, Ресей Федерациясының батыры Талғат МҰСАБАЕВТЫҢ өкілі Сұңқар  НҰРМАҒАМБЕТОВ  мәлімдеме жасады. Ол депутатқа қатысты негізсіз айыптаулар жасалып жатыр дейді.

«Талғат Мұсабаев аутизмі бар балаға шабуыл жасағаны туралы БАҚ-та жарияланған хабарламаларға байланысты мынаны хабарлаймыз, БАҚ арқылы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды және құқықтық бағалауды талап етеді. Мұсабаевтың тарапы осындай негізсіз айыптауларға құқық қорғау органдарының назарын аудару қажет деп санайды. Мұндай ақпараттық манипуляцияларды үшінші тараптар қоғамдағы жағдайды өз мақсатына пайдалану үшін қолдануы мүмкін», - деді Нұрмағамбетов.

Сенатор Мұсабаев пен астаналық тұрғын Алина НҰРТАСТЫҢ  арасыныдағы кикілжің 24 маусымда қыз ит серуендетіп жүргенде болған. Алина Нұртастың айтуынша, оқиға орнына полиция шақырылған, кейін ол құқықбұзушы сенат депутаты Талғат Мұсабаев екенін білген. Нұр-Сұлтан полиция департаменті журналистерге   бұл жанжалға Талғат Мұсабаев шынымен де қатысты екенін растады.

Кейін Талғат Мұсабаев қызға шабуыл жасады деген айыптауға жауап берген.

«24.06.2021 ж. кешкі уақытта Триатлон саябағында болған оқиғаға байланысты былай дегім келеді. Серігіммен кешегі серуен кезінде ит жетектеген қыз бізге қарсы жүгіретін жолақпен келе жатты. Оған итінің тұмылдырықсыз екенін айтып, ескерту жасадым, себебі мұны басқа адамдарға қауіпті деп санадым. Бірақ бізге жағымсыз әрі дөрекі жауап айтылды, әлеуметтік желідегі парақшасында ол өзі де жазды. Полиция - ІІМ-нің екі қызметкері келген соң түсінік берілді, арызданушы да түсінік берді. Менің тарапымнан ешқандай да заңға қайшы әрекет, дене жарақатын салу әрекеті болған жоқ. Оның үстіне, қыз бізге қол созып, кешірім сұрады. Ұрып-соғу" туралы айыптау негізсіз деп есептеймін», - деген еді Мұсабаев. 

Фото: dailynews.kz

Байланысты жаналықтар

1 сәуірден бастап бензин қымбаттайды

30.03.2023

«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

29.03.2023

Астананы азық-түлікпен қамту қалай жүргізіліп жатыр?

28.03.2023

Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар көбейді 

27.03.2023

Мүфтият «Алланың миссиясы бітті» деген әйелге қатысты мәлімдеме жасады

24.03.2023

Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

23.03.2023
MalimBlocks
1 сәуірден бастап бензин қымбаттайды

Қазіргі бағадан 182-185 теңге жоғары

«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

Олардың шағымын журналистер ғана тыңдады

Астананы азық-түлікпен қамту қалай жүргізіліп жатыр?

22 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар көбейді 

Психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жеткіліксіз

Мүфтият «Алланың миссиясы бітті» деген әйелге қатысты мәлімдеме жасады

Мүфти Алланың атынан жалған сөйлеу, өте ауыр күнә екенін айтты

Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

«Өзеннің арғы бетінде қалған» әріптестеріме не дейін?