Суы мол Текелінің тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

Жетісу облысындағы Текелі қаласының 30 мыңнан астам тұрғыны ауыз суды Қора өзенінен ішіп отыр.

  • 23.05.2023

Көктем мен жаз айларында таудан еріген қар суымен бірге қала маңындағы мәрмәр кеніштеріндегі тас ұнтағы араласып, өзен суы ішуге мүлдем жарамай қалады. Сондықтан қала тұрғындары осы уақытта ауыз суды қайнарлардан тасып ішуге мәжбүр.

Ал күні кеше Текелі су құбыры жүйелеріне жоспарлы тазалау жұмыстары жүріп халықты бір күн бойы ауыз сусыз қалдырған. Бірі жаяу, бірі көлікпен қала ортасындағы бұлақтан су тасып амалдайды.

«Кранның суы ішуге жарамайды, келмейді. Қыста былай тазарғанымен көктем уақытысында су ерігеннен кейін мәрмәр тозаңы араласып келеді де, ағызған кезде әппақ ақ су, мәрмәр ұн араласқан сияқты болып түседі. Сондықтан осы бұлақтан алып ішеміз»,- деді Текелі қаласының тұрғыны Роллан Жансұлтанов.

Текелі қаласының ауыз су мәселесін президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өңірге барған сапарында көтерген. Қазіргі таңда 6 мың текше метрлік су жинайтын резервуар салынып, қалаға 15 шақырым құбыр тарту жұмыстары жүріп жатыр. Жоба құны 1 млрд теңгеге жуық. Былтыр басталған жұмыстар биыл күзде аяқталуы тиіс. Қазіргі таңда жоспардың 45 пайызы орындалған. 30 мың тұрғыны бар моноқалада мұнан бөлек Шажа өзенінен  құбыр тартып, орталық су жүйесін көктем жаз айларында таза сумен қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынған.

«Шажа өзенінен су құбырын тартып жатырмыз. Ұзындығы төрт шақырым болады. Соның екі шақырымын бітірдік»,- деді Текелі қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ғалым Қызылбасов.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында санитарлық пост қойылды

15.07.2020
MalimBlocks
Алматы облысында санитарлық пост қойылды