457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шымкенттік мергендер жеңімпаз атанды

Шымкент қаласында 7-14 наурыз аралығында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай оқ ату бөлімі ҚР V-Жастар спорт ойындары өтті. Алғаш өтіп отырған жарысқа 2001 жылы туған және одан жас спортшылар қатысып, жүлделерді сарапқа салды.

Қалалық құрама команда бәсекеде барлығы 39 медаль жеңіп алды. Оның 19-ы алтын, 12-сі күміс, 8-і қола медаль. Бұл жарысқа қатысқан 7 команданың ішіндегі ең үздік көрсеткіш.

Екінші орынды Алматы қаласы 43 медаль жеңіп алды, оның ішінде 14 алтын, 19 күміс және 10 қола медаль бар.

III-орын иегері Нұр-Сұлтан қаласы 6 медаль жеңіп алды, оның ішінде 1 күміс және 5 қола медаль. Осыған қарап-ақ, Шымкент қаласының құрамасы қарсыластарынан қаншалықты озып кеткенін байқау қиын емес.

Айта кету керек, сайысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары командалары қатысты.