Шымқалада екі спорт алаңы ашылды

Айбек Ережеп

  • 25.05.2021

Шымқалада екі спорт алаңы ашылды

Мемлекет басшысының барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес бүгін Шымкент қаласында екі спорт алаңшасы ашылды.

Әл-Фараби ауданындағы Әлімбетов көшесі №45в үй ауласы мен Текесу тұрғын алабында пайдалануға берілген спорт алаңшалары жеке кәсіпкер Серік Тульбасовтың жеке қоры демеушілігі есебінен салынды.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысқан қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов бұқаралық спорттың дамуына өз үлесін қосып жүрген меценаттарға алғысын білдірді.

«Қазіргі таңда  Шымкент қаласы аумағында аула ішілік 231 спорт алаңшасы болса, биыл бюджет есебінен қала аумағына қосымша 101 спорт алаңын соғу жоспарымызда бар. Ал, Әл-Фараби ауданы аумағында биылғы жылы өңіріміздің кәсіпкері Серік Тульбасовтың жеке қоры демеушілігі есебінен 7 спорт алаңшасы соғылып, пайдалануға берілетін болады. Бүгін сол спорт алаңшасының екеуі халық игілігіне беріліп отыр. Бұқаралық спорттың дамуына өз үлесін қосып, өскелең ұрпақтың мүддесін ойлап жүрген жомарт азаматтарға алғысымыз шексіз! Қоғамға пайдалы істеріңізді қала тұрғындары ұмытпайды»,-деді қала басшысының орынбасары.

Спорт алаңдары воркаутпен айналысуға арналған спорттық жабдықтармен және дене жаттығуларына арналған аймақпен жарақтандырылған.

Президент тапсырмасына орай, қалада биылғы жылы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар көрсеткішін 31% ұлғайту жоспарлануда.

Байланысты жаналықтар

Бала зорлағандар қалай жазаланатыны белгілі болды

28.11.2023

Су тасқынынан қорғау жұмыстары қалай жүргізіледі?

28.11.2023

Оралда куратор студенттерге арақ ішуге рұқсат берген

28.11.2023

Абылай Мырзахметовтің қамау мерзімі 10 желтоқсанға дейін ұзартылды

27.11.2023

Оралда тұрғынның басына кірпіш құлап, көз жұмды

27.11.2023

Тағы да шахтада жұмысшылар қаза тапты

27.11.2023
MalimBlocks
Бала зорлағандар қалай жазаланатыны белгілі болды

Мұндай әрекетке барған адам келесіде ауыр қылмыс жасайды

Су тасқынынан қорғау жұмыстары қалай жүргізіледі?

Оралда куратор студенттерге арақ ішуге рұқсат берген

Орал қаласындағы жоғары көпсалалы Болашақ колледжінің оқытушысы әрі екінші курс студенттерінің кураторы Айгерім Жасталапқызы кәмелет жасына толмаған (16 жас) студенттерге арақ, вино ішуге рұқсат берген. Мұны растайтын аудиофакт Malim.kz  редакциясына келіп түсті.

Абылай Мырзахметовтің қамау мерзімі 10 желтоқсанға дейін ұзартылды

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-басшысы Абылай Мырзахметов 10 желтоқсанға дейін қамауда отырады. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметіне сүйенген жергілікті ақпарат құралдары жазды.

Оралда тұрғынның басына кірпіш құлап, көз жұмды

Оқиға Назарбаев даңғылы бойында болған. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша тергеп-тексеру жүріп жатқанын хабарлады.

Тағы да шахтада жұмысшылар қаза тапты

1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлер жарақат алған