Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шөкеевтің орынбасарының ұсталғаны рас па?

Саясат
Шөкеевтің орынбасарының ұсталғаны рас па?

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің орынбасары Мейіржан Мырзалиевке қатысты мәлімдеме таратты. Онда оның қорғалуға құқы бар куәгер ретінде шақырылғаны жөнінде айтылған.

«Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиевтің ұсталғаны туралы таратылған ақпаратқа қатысты мынаны хабарлаймыз. Мырзалиев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде шақырылды», - делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін Түркістан облысының әкімдігі Мырзалиевтің денсаулығына байланысты демалыста екенін айтып, аталмыш мәселеге байланысты қандай да бір пікір айтуға асықпауды өтінген.

Оның алдында әлеуметтік желі мен бірқатар БАҚ-та Мейіржан Мырзалиевтің 2 миллион теңге пара алғаны үшін ұсталғаны жөнінде ақпарат тарған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу