2:0 – Қазақстан Өзбекстаннан есе қайыра ала ма?
15 жылдан соңғы кездесу...
Футболдан Қазақстан мен Өзбекстан ұлттық командалары жолдастық кездесу өткізуге уағдаласты. Қазақстан футбол федерациясы мен Өзбекстан футбол ассоциациасы арасындағы келісімге сәйкес ойын 16 қараша күні Ташкент қаласындағы «Пахтакор» стадионында өтеді.
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Өзбекстан құрамасында мықты ойыншылар бар екенін айтады.
«Өзбекстан құрамасы – Еуро-2024 іріктеу циклі үшін жақсы қарсылас деп есептеймін. Бұл ойын жаттықтырушылар штабына өте мол ақпарат береді. Өзбекстан құрамасының өте мықты ойыншылары бар. Жақындап қалған Еуропа іріктеу чемпионатында сенім артып отырған футболшыларымызды тексеріп алсақ дейміз. Бұл қызықты ойын болғалы тұр, оған сенімдімін», - дейді Адиев.
Қазақстан-Өзбекстан командалары бұған дейін 6 мәрте кездескен. Оның үшеуі тең өткен, екі ойында Өзбекстан, бір ойында Қазақстан жеңген. Биылғы кездесу өте ұзақ уақыттан бері өтіп отырған ойын – екі команда соңғы рет 2007 жылы Шымкентте кездескен. Бұл ойын тең аяқталған, бірақ, бұл ойынның «Алма ТV кубогы» аясында өткенін және бұл халықаралық кубокты Қазақстан құрамасының жеңіп алғанын ескерсек, Қазақстан құрамасы бұл тең ойынды жеңіске балайды. Дегенмен, финалда кездеспеген соң, фактінің аты факт, Өзбекстанмен тағы бір тең ойын тіркелген.
2019 жылы екі ел құрамасы кездесетін болған. Бірақ, коронавирус басталып кеткендіктен, кейінге қалған. Енді араға 15 жыл салып, 2019-да өтетін жер ретінде аталып қалған Ташкентте кездесейін деп отыр.
Қазақстан-Өзбекстан командалары алғашқы кездесуін Алматыда өткіген. 1992 жылғы матчта Қазақстан 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Одан кейінгі ойындарда не тең нәтижие не Өзбекстан құрамасының жеңісі тіркеліп отырған. 1992 жылы Ташкенттегі кездесуде тең ойын, 1994 жылғы Ташкенттегі турнирде 1:0 есебімен Өзбекстан жеңді.
Жалпы, бұл кездесулердің бәрі жолдастық кездесулер немесе халықаралық кубоктар аясында өткенін айта кету керек. Екі ел арасындағы жалғыз ресми кездесу – 1998 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде (ІІ кезең) өткен. Алғашқы ойын Алматыда, тең есеп тіркелген, қарымта матч Ташкентте өткен – өзбектер қазақтардың қақпасына жауапсыз 4 гол соғып, жеңіске жеткен.
Осы бір күйрей жеңілгеннен кейін, 2007 жылғы «Алма ТВ» компаниясының кубогын айтпасақ, екі елдің командалары ресми кездескен емес. Ендігі кездесу Ташкентте өтпек, Адиев шәкірттері баяғы кеткен есені қайтара ала ма? Әрине, бұл да жолдастық кездесу, дегенмен, спорттан Қазақстан мен Өзбекстанның бір бірін басты қарсылас көретінін ескерсек, өзбектер өз астанасында өтетін матчқа тайлы-таяғы қалмай жиналады, барынша дайындалады. Адиев айтқандай, қызық матч болғалы тұр.