Қазақстан 3 минутта екі гол соғып жеңіске жетті

Сабина Асқарқызы

  • 26.03.2025

Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі екінші матчында Лихтенштейннен басым түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Кездесу Вадуц қаласындағы «Райнпарк» стадионында өтті. Ойын қонақтардың пайдасына 2:0 есебімен аяқталды.

Бірінші кезеңде Әли Әлиев шәкірттері гол соға алмай біраз қиналды. Дегенмен үзіліске жақындаған тұста ұлттық құрама көшбасшылары тізгінді қолға алып, 3 минуттың ішінде екі гол соқты.

Алдымен 42-минутта Марат Быстровтың берген пасын шабуылшы Максим Самородов голға айналдыра білдірді. Арада үш минут өткенде Самородовтың өзі нәтижелі пас берді. Оны  қорғаушы Алексндар Марочкин мүлт жіберген жоқ.  Ардагер футболшы Златан Ибагимовичтің стилінде салды.

Үзілістен кейін бас бапкер бес ойыншыны ауыстырды. Бірақ одан ештеңе өзгерген жоқ. Қорытынды есеп - 0:2 Қазақстанның пайдасына.

Айтпақшы, Қазақстан әлем чемпионатына іріктеу турнирінде сәтсіздік сериясын аяқтады. Өйткені жерлестеріміз 12 жыл бойы жеңіске жете алмай келген еді. Соңғы рет ел құрамасы 2013 жылдың қыркүйек айында Фарер аралдарын (2:1) жеңген болатын. Содан бері ұлттық команда 22 матч өткізіп, 7 ойында тең түсіп, 15 кездесуде жеңіліс тапты.

Фото: ҚФФ

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады