Ә. Назарбаева: Сұлтанның төрт әйелі болыпты...

Malim Админ

  • 17.07.2020

Экс-президент Н.Назарбаевтың кенже қызы Әлия Нұрсұлтанқызы біраз уақыттан бері instagram әлеуметтік желісінде белсенді болып жүр. Жазбаларында әкпесінің ұлы, интернет "жұлдызы" Айсұлтан секілді шектен шығып кетпейді, отбасы ішіндегі жабық тақырыптарды бықсытпайды. Ата-анасын қорқытып, саяси мәлімдемелер жасамайды. Үнемі позитивте жарқын көңілде отырады. Арасында оқырманын екі ойлы жасап қоятыны да бар. Кейбір жазбаларына қарасаң, Ә.Назарбаева өмірдің мәнін түсінуге философиялық толғамдар іздеп жүрген секілді. Ал кей жазбаларының астарында ашық айта алмайтын тақырыптары да бардай көрінеді. Өзің түсініп ал дегендей жариялаған мына жазбасын сол күйінде назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.  

"Бір сұлтанның төрт әйелі болыпты. Бәрінен де ол ең жас төртінші әйелін жақсы көріпті. Қымбат киімдер мен бағалы әшекейлерді сыйлап, тек қана аялаумен болған.

Сұлтан өте сұлу үшінші әйелін де сүйді. Басқа елдерге барғанда көрікті жарын басқалар көрсін деп, қасынан тастамай ертіп жүрді. Бірақ та бір күні мені тастап кетіп өзгемен кетіп қала ма деп үрейленіп жүретін.Сұлтан айлакер әрі ақылдан да кемде емес екінші әйелін де сүйді. Екінші әйелі қашан да билеуші күйеуіне тілектес әрі сабырлы жан. Сұлтанның әйелі ғана емес, сенімді серігі. Сұлтан қиын жағдайға түскенде көмек беріп, тығырықтан алып шығатын ақылды әйел.

Бірінші әйелі әмеңгерлік жолмен алған ағасының жары еді. Сұлтанның кәрі әйелі күйеуіне адал әрі отбасы мен мемлекеттің дәулетті болуы үшін қолынан келгенінің бәрін жасайды. Алайда, сұлтан бірінші әйелін сүймейді. Оның сезіміне мән бермейтін. Тіпті оны елемейтін де.

Бірде сұлтан ауырып қалды. Өзінің өткен өміріне көз жүгіртіп: «Менің төрт әйелім. Қайтыс болғанда жалғыз қаламын-ау» деп ойлады да, төртінші әйелінен сұрады:

- Мен сені басқалардан көрі қатты жақсы көрдім. Ең керемет сыйлықтарды саған жасадым. Қазір хәл үстінде жатырмын. Менімен бірге бақиға аттанасың ба?

-Жоқ! Бұндай дүние ойыңа да кіріп шықпасын, - деп тысқа шығып кетеді. Жарының бұл сөздері сұлтанның жүрегіне қанжардай қадалады.

Көңіліне қаяу түскен сұлтан үшінші әйелін шақыртып:

-Өмір бойы сенің сұлулығыңа тамсандым. Қазір о дүниеге аттанғалы жатырмын. Менімен ересің бе?

-Жоқ! Өмір сондай ғажап! Сен өлген соң басқа біреуге тұрмысқа шығамын.

Бұрын-сонды жүрегі былай ауырмаған сұлтан екінші әйелімен тілдеседі.
- Үнемі қиналған сәттерімде саған келетінмін. Ақылшым болдың. Қашан да көмегіңді аямадың. Қазір мына жарық дүниемен қоштасқалы хәлдемін.
- Өте өкінішті. Бұл жолы саған көмектесе алмаймын. Қолымнан бар келетіні сені барлық салтанатпен қара жер қойнына тапсыра аламын, - дейді екінші әйелі.

Бұндай жауапты күтпеген сұлтанның үстінен жай түскендей болады. Сол сәтте құлағына бір үн жетеді.

-Мен сенімен барамын. Қайда барсаң да соңыңнан еремін.

Сұлтан бұрылып қараса қайғыдан қабырғасы қайысып, адам танымастай өзгеріп кеткен бірінші әйелі құр сүлдерін сүйретіп келіп тұр екен. Ах ұрған сұлтан:

-Шамам барда саған лайықты құрмет көрсетуім керек, - дейді.

Бәріміздің төрт әйеліміз бар. Төртінші әйеліміз – біздің денеміз. Көрікті көрінейік деп қанша күтсекте өлген соң дене жаннан бөлініп қалады.

Үшінші жарымыз ол – біздің карьерамыз. Байлығымыз бен мансабымыз. Бірақ өлгенде оның барлығына басқа біреу ие болып қалады.

Екінші әйеліміз ол – отбасымыз бен туған-туыстарымыз. Бізді қара жер қойнына тапсыратын солар.

Бірінші әйел – ол ЖАН! Дүниенің соңына түскенде, байлық пен рахат іздегенде біз оны елемейміз. Бірақ та жан біздің өмірлік серігіміз. Оны аялау арқылы біз әлемге һәм өзімізге ең үлкен сыйлық жасай аламыз".

Дереккөз: instagram.com

Фото: sputniknews.kz

Байланысты жаналықтар

Асу Алмабаев UFC рейтингінде 7-орынға көтерілді

22.10.2024

Әйелдердің сөзін сөйлейтіндердің қатарынанмын - Елдос Сметов

22.10.2024

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін кіммен өткізетіні анықталды

21.10.2024

Асу Алмабаев UFC-де төртінші қарсыласын жеңді

20.10.2024

«Қалжыңымды түсінбесе, менікі дұрыс болмағаны». Черчесов айтқан сөзіне түсініктеме берді

19.10.2024

«Барыс» легионерлерден бас тартты

18.10.2024
MalimBlocks
Асу Алмабаев UFC рейтингінде 7-орынға көтерілді

Бұған дейін ол 14-орында тұрған.

Әйелдердің сөзін сөйлейтіндердің қатарынанмын - Елдос Сметов

Спортшы әрдайым анасын қорғауға дайын тұратынын айтты

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін кіммен өткізетіні анықталды

Асу Алмабаев UFC-де төртінші қарсыласын жеңді

Ол жалпы карьерасында 16 жеңістен тұратын сериясын жалғастыра түсті

«Қалжыңымды түсінбесе, менікі дұрыс болмағаны». Черчесов айтқан сөзіне түсініктеме берді

Ол қазақша сұрақ қойған журналиске қалжыңдаймын деп дауға қалған болатын

«Барыс» легионерлерден бас тартты

Елорда клубы енді легионерлерге мұқтаж емес.