«Адамгершілік емес». Жәнібек Әлімханұлы өзін мазақ еткен боксшыны сабасына түсірді

Ол жаңазеландиялық Андрей Михайловичке жауап берді

Сабина Асқарқызы

  • 19.07.2024

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы салмақ қууға байланысты сәтсіздіктен кейін жекпе-жекті кейінге қалдырғаны белгілі. Осы жағдайдан соң боксшының қарсыласы Андрей Михайлович Әлімханұлы туралы видео түсірген еді. Аталмыш видео отандасымыздың намысына тиген, деп хабарлайды Malim.kz.

Видеода Михайлович асфальтқа Janibek деп жазып, оның жанында билейді. Содан кейін жазудың үстіне ұнтақ сеуіп, су шашады. Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық боксшының бұл әрекеті адамгершілікке жатпайтынын айтты.

"Андрейдің парақшасындағы видеоны көрдім. Бала өзіне көп алып жатыр екен. Мен жекпе-жекке денсаулығыма байланысты шыға алмадым. Ауруханаға түстім. Бірақ қарсыласым адам басындағы сынақты, ауыр жағдайды мазақ қылып жатыр. Бұл негізі адамгершілік емес. Ешқандай боксшы бұлай жасамайды. Қайта сауығып кет дейді. Ал оның ісіне, тіпті, мен ұялып кеттім. Бізде келісімшарт бар, жұдырықтасамыз. Бірақ енді оны аямаймын", - деп жазды қазақстандық боксшы Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Фото: Top Rank

Байланысты жаналықтар

Тоқаев атағын қорғаған Әлімханұлын құттықтады

06.04.2025

Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы дебютін жеңіспен бастады

05.04.2025

Жәнібек Әлімханұлы: Қорқатындай ештеңе жоқ, барлығын жекпе-жекте көресіздер

04.04.2025

Бокстан Бакуде өтетін турнирге қатысатын спортшылар белгілі болды

02.04.2025

Кәсіпқой бокс: Жәнібек-Анауэль айқасының андеркарды жарияланды

30.03.2025

2028 жылғы Олимпиадада бокстың тағдыры қалай болмақ?

18.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев атағын қорғаған Әлімханұлын құттықтады

Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы дебютін жеңіспен бастады

Жәнібек Әлімханұлы: Қорқатындай ештеңе жоқ, барлығын жекпе-жекте көресіздер

Бокстан Бакуде өтетін турнирге қатысатын спортшылар белгілі болды

Отандастарымыз Әзірбайжанда жаттығу өткізіп жатыр

Кәсіпқой бокс: Жәнібек-Анауэль айқасының андеркарды жарияланды

Бокс кешінде жалпы 10 жұп былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады

2028 жылғы Олимпиадада бокстың тағдыры қалай болмақ?

2022 жылғы ақпанда бекітілген Олимпиада спорт түрлерінің тізіміне бокс енгізілмеген