Әлем чемпионаты - 2026. Іріктеу турнирінде Қазақстан Уэльстен ұтылды

Бұл әлемдік футбол додасына іріктеу бойынша алғашқы матч

Malim Админ

  • 23.03.2025

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының  іріктеу турнирінің алғашқы матчында Кардифф қаласында Уэльс пен Қазақстан құрамалары кездесті.


Бұл J тобына түскен Қазақстанның қазақстандық маман Әли Әлиевтің басшылығымен өткен ресми беташар ойыны еді.

Ә.Әлиев бұл жолы мына футболшыларға сенім артты: Александр Заруцкий, Нұралы Әліп, Марат Быстров, Александр Марочкин, Ян Вороговский, Еркін Тапалов, Серікжан Мужиков, Асхат Тағыберген, Максим Самородов, Ислам Чесноков, Айбар Жақсылықов.

Ресейлік маман Станислав Черчесов жаттықтырған тұста Қазақстан құрамасы алты матчта бірде-бір гол соға алмай, пұшайман болған еді.

Крейг Беллами жаттықтыратын Уэльс сапында Карл Дарлоу, Джо Родон, Бен Дэвис, Коннор Робертс, Неко Уильямс, Джошуа Шихэн, Сорба Томас, Дэвид Брукс, Дэниэл Джеймс, Бреннан Джонсон, Лиам Каллен жасыл алаңға шықты.

Өз тарихында екі рет әлем чемпионатында өнер көрсеткен Уэльстің фаворит саналуы заңды еді.

Бірінші таймда 9-минутта қазақстандықтардың қателігін пайдаланған Дэниэл Джеймс есеп ашты. Есесіне 29-минутта И.Чесноков тепкен доп К.Роберстің қолына тиіп, пенальти белгіленді. А.Тағыберген бұл мүмкіндікті пайдаланып, таразы басын теңестірді – 1:1. Көп ұзамай алаң иелері жеңіс голын соқты. 47 минутта Бен Дэвис қарсыластың осал тұсын тапты. Есеп 2:1.  

Фото:  Уэльс (Getty Images)

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды