Алматы облысында кәсіпкерлерді «қорғауына» алғысы келген қылмыстық топ ұсталды

Олар кәсіпкердің 3,5 миллион теңгесін иемденіп алған

Мәди Саматұлы

  • 27.07.2024

Алматы облысында Алматы қаласы мен өңірдің сауда базарларында «қорғауға» аламыз деп, кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты бопсалайтын қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы облысы ПД мәліметінше, 27 мамырда Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына сондай қылмыстық топ туралы ақпарат түскен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «маргиналды жастардың» қолынан зардап шеккен Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны анықталды. Жәбірленуші 13 мамырда Қарасай ауданында белгісіз адамдар күш қолданып, одан 3,5 миллион теңгені иемденгенін хабарлады, деп жазды полиция департаменті.

ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері Алматы облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп прокуратураның үйлестіруімен 25 шілдеде 31-36 жас аралығындағы ер адамдарды анықтап ұстаған.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған. Олардың басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Фото: Алматы облысы ПД

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

15.05.2025

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025

Талғар ауданында атыс болды

09.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді

Талғар ауданында атыс болды