Ақын Қазыбек Иса депутат болады

Malim Админ

  • 12.01.2021

«Ақ жол» демократиялық партиясы парламент мәжілісіне баратын  мүшелерін анықтады. Тізімге ақын Қазыбек ИСА да кірген. Бұл туралы Malim.kz сайты хабарлайды.

Бүгін астанада «Ақ жол» партиясы Орталық кеңесінің пленумы өтті. Ол жерде сайлау қортындысы талқыланып, депутаттар мандаты бөлінді. Соынмен жетінші шақырылым депуттары

Перуашев Азат Тұрлыбекұлы, Әбілдаев Азамат Рахатұлы, Барлыбаев Ерлан Хайланұлы, Дүйсембинов Берік Сәлімжанұлы, Ерубаев Серік Сәрсенұлы, Еспаева Дәния Мәдиқызы, Жұмабаева Айгүл Қызырқызы, Иса Қазыбек Жарылқасынұлы,  Линник Андрей Григорьевич, Өмірғали Ерлік Хайдарұлы, Раманқұлов Мақсат Базаралыұлы, Сембинов Азат Талғатұлы болатын болды.

«Ақ жол» партиясынан соңғы парламент мәжілісінің шақырылымына Кеңес Абсатиров, Ерлан Барлыбаев, Берік Дүйсенбинов, Дания Еспаева, Меруерт Қазыбекова, Екатерина Никитинская, Азат Перуашевтар депутат болған еді. Енді құрам бір шама жаңарған. Және қатарлары көбейген. Бұрын жеті депутат болса, енді сандары он екіге жетіп отыр.

Сайлау алдында партия ОСК 38 мүшесін кандидат етіп тіркеткен еді. Партиялық тізмде Қазыбек Иса он алтыншы еді. Бұға дейін партия төрағасының орынбасары бола тұра депутаттық мандатқа ие болмаған ақын бұл жолы мәжілістен орын алмақ.

ОСК жариялаған сайлау қорытындысы бойынша мәжілістегі депутаттық манданттар үш партия арасында бөлінді. «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат, Қазақстан Халық партиясына - 10 мандат.

Фото: facebook.com

MalimBlocks