Атабаевқа арналған «Құлагер»

Олжас Қасым

  • 30.06.2021

Бүгін Алматыдағы Ғабит МҮСІРЕПОВ атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында белгілі режиссер, ГЕТЕ медалінің иегері Болат АТАБАЕВҚА арнап спектакль қойылды. Ілияс ЖАНСҮГІРОВТІҢ поэмасы желісімен сахналанған «Құлагер» саундрамасы. Режиссеры Фархад МОЛДАҒАЛИ.

Спектакль әуелде сағат түскі 12-00 ге жоспарланған еді. Бірақ уақыты екі сағатқа шегерілді. Көрерменсіз арнайы Болат Атабаевқа қойылған спектакльді актерлар, театр тақырыбында жазып жүрген журналистер ғана көрді.

«Бір кезде қойылған Жанат ХАДЖИЕВТІҢ «Қозы Көрпеш – Баян Сұлуынан» кейін керемет әсер алған сәтім осы болды. Құлагер өлді. Сорлы Ақан. Біздің Құлагердей жүйріктеріміз өліп жатыр. Жанды дауыстың өз ғажап эффектісі бар. Музыканттарға рақмет. Ақанды ойнаған актер Еділ РАМАЗАНОВТЫҢ ойынына риза болдым. Бірақ әлі де жұмыс жасау керек. Режиссер оның тұлпарынан айрылғандағы ішкі трагедиясын шығара түссе. Соңғы жағы шұбалаңқы. Динамиканы жоғалтпау керек. Сығымдау қажет. Тұтас труппаға рақмет. Балалар жанып тұр. «Құлагерді» көріп бір жасап қалдым. Бізде Қазақстанда театр басшылары жиі ауысады. Бірақ одан театр жақсарып жатқан жоқ. Жас режиссерларды дайындау керек. Сонда сәтті дүниелер туады », - деді Болат Атабаев.

Сондай-ақ, режиссер «Құлагер» деген атаумен жас режиссерлар ұстаханасын ашуды ұсынды. Театр директоры Азамат САТЫБАЛДЫ осы бағытта жұмыстар қолға алынғанын және Атабаевтың соған ат салысуын сұрады. Режиссер жастарға білгенін үйретуге дайын екенін жеткізді. Спектакль соңында режиссер театр, драматргия, актер шеберлігі жайлы өз ойларымен бөлісті.

«Басшымыз Азамат аға Сатыбалды Атабаев Қазақстанға оралды дегенде спектакльге шақырамыз деді. Бұны естігенде қатты толқыдым. Қазірдің өзінде толқып тұрмын. Ол кісінің жылы пікірін, сынын естудің өзі бақыт қой. Алатаудың шыңына шықпасақ та бір төбесіне жеткендейміз. Болат аға 9 жылға жуық елде болмағанда театр өнеріде бір ойық пайда болды. Ағамыз елде болғанда театр көшін өрге сүйрер еді. Менің ұстазым Маман БАЙСЕРКЕҰЛЫ еді. Ол кісі дүниеден өтіп кетті. Жол көрсетер ұстаз керек екенін ұқтым. Болат ағаның «Фархад, басыңнан айналайын деген сөзін естідім». Бұл менің өмірімдегі тарихи сәт», - деді Фархад Молдағали.

Фархад ЕРЛАНҰЛЫ халықаралық театр сыншылары бірлестігінің шешімімен 2020 жылдың үздік режиссері атанған. Нұр-Сұлтан қ. VI халықаралық «Самғау» фестивалінде «Қарагөз» спектаклі «Үздік режиссура» атауын жеңіп алған.ГИТИС Ресей театр өнері университеті ұйымдастырған VIІІ Халықаралық студенттік өз бетінше режиссерлік жұмыстар байқауында гран-при иеленген.   

Фото авторлары Мұратбек КӘДІРЖАН. 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды