Мұрат Әйтенов қарт майдангерлерді мерекесімен құттықтады

Айбек Ережеп

  • 07.05.2021

Мұрат Әйтенов қарт майдангерлерді мерекесімен құттықтады

 Шымкент қаласында 21 Ұлы отан соғысының ардагері тұрады. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай шаһардағы қарт майдангерлерді құттықтап, сый-сыяпат жасады. Қала әкімі Еңбекші ауданы «Бадам 1» елді мекенінің тұрғыны, Ұлы отан соғысының ардагері Қалтай Бектасовтың шаңырағына барды. 97 жастағы қарт жауынгер әлі де тың. Мұрат Дүйсенбекұлы ардагерге сый-құрмет көрсетіп, ұзақ ғұмыр тіледі.

Қалтай Бектасов 1924 жылы Төле би ауданы, Қызыл қанат ұжымшарында дүниеге келген. 1943 жылы 25 ақпанда  соғысқа аттанып, қараша айында №44 атқыштар дивизиясында автоматшы, 1944 жылы қараша айында «байланысшы» қызметтерін атқарған. 1945 жылы ақпан айында 50 мың жауынгерлермен бірге жапон империалистерімен соғысуға аттанған.

1947 жылы елге оралған. 1947 жылдан 1967 жылға дейін Ленгір қаласындағы шахтада бригадир болып қызмет етті. атқарған. 1969 жылы 45 жасында зейнетке шықты. Сайрам ауданының құрметті азаматы, «Еңбек ардагері» төсбелгісі, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдарының иегері.

Бүгінде 3 ұл, 3 қыздан 34 немере, 56 шөбере және 15 шөпшек сүйіп отыр.

Айта кетсек, Шымкентте Жеңіс мерекесін орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 360 АЕК, 1 миллион теңгеден астам қаражат берілді.

3307 тыл ардагеріне 12 АЕК, яғни 35 мың теңгеден астам бір реттік ақшалай көмек көрсетілді .

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды