Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Оларға бәрібір». Александр Бублик Олимпиада ұйымдастырушыларын қатты сынады

Спорт
«Оларға бәрібір». Александр Бублик Олимпиада ұйымдастырушыларын қатты сынады

Қазақстанның 25-ші ракеткасы Александр Бублик бірінші айналымда жеңілгеннен кейін Париждегі (Франция) Олимпиада ойындарын ұйымдастырушыларды қатты сынға алды. Бұл жайында «Чемпионат» сайты тілшісіне берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Екі күн жаңбыр жауды. Мен бүгін котқа екінші рет қана шықтым, өйткені неше күн бойы тоқтаусыз жаңбыр. Ұйымдастырушыларға бәрібір. Еш жылынбадық, олар бізге жылынуға 8 минут қана мүмкіндік беретіндерін айтты, «содан кейін ойнаңдар» дейді.

Ұйымдастырушылар жарақат алу қаупіне алаңдамайды, өйткені сіз матч алдында жылынбайсыз. Нюанстарға мүлдем мән бермейді, олар үшін бастысы – біздің шыққанымыз. «Теледидар құқықтары сатылды, барып ойнаңдар» дегендей. ATP-мен еш салыстыруға келмейді, екеуі Жер мен Көк. Токио Олимпиадасында ойнағанымда, ол жерде 50 градус болған сияқты. ATP-де мұндайда ешқашан ойнатпайды. Бізге деген көзқарасына риза болмасақ та тым құрыса ауа-райына дұрыс мән беруді қалаймыз.

Барлық теннисшінің Олимпиаданы ұнатпауының бір себебі осы шығар. Бейімделуге тура келеді. Тіпті жүретін жолымызды да қиындатып жіберген. Біреумен келе жатсам, неге бұлай келе жатқанымды сұрайды. Сөйтсек, екі минутта жететін жерге біз 10 минут жүріп барыппыз. Неге екені белгісіз, жолымыздың бәрін жауып тастаған, дейді ол.

Айта кетейік, үлкен теннистен Қазақстан ерлер командасының көшбасшысы Александр Бублик Олимпиада ойындарының бірінші айналымнан аса алмады. Ол жекелей сында рейтингте 11 орында тұрған америкалық Тэйлор Фрицпен кездескен еді. Екі сетке созылған матчта 4:6, 4:6 есебімен жеңілді.

Фото: ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу