Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Олимпиада ойындарында спортшы сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады

Спорт
Олимпиада ойындарында спортшы сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады

Гандболдан Аргентина олимпиадалық құрамасының мүшесі Пабло Симоне Парижде өзінің сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Паблоның сүйіктісі де спортшы. Ол көгалдағы хоккейден Аргентина құрамасының мүшесі. Үйлену туралы ұсынысты жігіт олимпиадалық ауылда жасаған.

Олимпиадалық ауылдағы үйлену туралы алғашқы ұсыныс! Пабло Симоне мен Пилар Кампой бұл ерекше сәтті гандбол мен көгалдағы хоккей құрамаларындағы командаластарының ортасында өткізді. Екеуін де құттықтаймыз! Бақытты болыңдар! - делінген Халықаралық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты бүгін өтеді.

Фото: x.com/Olympics

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу