Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Париж-2024: қазақстандық дзюдошыларға қанша жолдама бұйырды

Спорт
Париж-2024: қазақстандық дзюдошыларға қанша жолдама бұйырды

Қазақстандық дзюдошылар Париж олимпиадасына 8 лицензия иеленді, деп хабарлайды Malim.kz.

Дзюдошыларымыз ерлер арасында бес салмақта, әйелдер арасында үш салмақта бақ сынайды.

Ерлер:

60 кг: Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин;

66 кг: Ғұсман Қырғызбаев;

73 кг: Данияр Шамшаев;

81 кг: Абылайхан Жұбаназар;

100 кг: Шархан Нұрлыхан.

60 келіде Олимпиадаға кімнің баратыны 7 маусым күні Алматыда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындары аясында өзара белдесу арқылы анықталады.

Әйелдер:

48 кг: Абиба Әбужақынова (Ғалия Тынбаева);

63 кг: Эсмигүл Құюлова;

+78 кг: Камила Берліқаш.

Әйелдер арасында 48 келіде де екі жолдама болғанымен, Олимпиадаға баратын адам Абу-Дабиде өткен әлем біріншілігінде-ақ анықталып қойды. Себебі Абиба Әбужақынова чемпионатта қола жүлдегер атанған.

Қазақстанда ерлер арасында 90 келіден жоғары және 100 келіден жоғары салмақта, ал әйелдерде 52, 57, 70 және 78 келіде Олимпиада жолдамасы жоқ.

Фото: ҚР ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу