Қазақ киносы – «Оскар» сыйлығына үміткер

Malim Админ

  • 04.12.2020

Отандық "Ұлы дала зары" фильмі әйгілі "Оскар" сыйлығына үміткерлер тізіміне енді. "MG PRODUCTION PLUS" кинокомпаниясының ұжымы әділ шешім шығарғаны үшін ҚР Оскар комитетіне алғыс білдіреді.

"Өткен ғасырдың 30-жылдары қазақ халқының басынан өткен қасірет - АШАРШЫЛЫҚ тақырыбындағы фильм шынайы оқиғалардың желісімен түсірілген. Қолдан жасалған қастандықтың салдарынан ата-бабаларымыздың 70%-дан астамы қынадай қырылды. Сондықтан, көркем туынды ата-бабамыздың, Алаш арыстарының рухына бағышталады", - дейді "MG PRODUCTION PLUS" кинокомпаниясының бас продюсері Ернар Мәліков.

Жалпы фильмді жарыққа шығаруға 5 жылдан астам уақыт жұмсалған. Алғашында қаржы тапшылығына байланысты халықтан краудфандинг арқылы қаржы жиналған. Тіпті, компания иесі басталған істі аяқтау үшін жеке мүлкін де сатқан. Сондай-ақ, түсірілім болған Алматы облысы Ақсу ауданына қарасты Қапал, Арасан, Суықсай, Баласаз ауылдарының тұрғындары да қақаған қысқа қарамастан түсірілім тобына барынша қолдау көрсеткен. Сондықтан, компания өкілдері "ҰЛЫ ДАЛА ЗАРЫН" халық фильмі ретінде есептейміз дейді.
Айта кетейік, бұған дейін аталған кинотуынды "Алтын глобус" премиясының "Шет тіліндегі үздік фильм" аталымына үміткерлердің қатарына қосылған еді. Сонымен қатар, "Азия фильмдері фестивалінің" ашылу салтанатында алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды. Қазақстандықтар "Ұлы дала зары" фильмін ақылы түрде cinexus.kz сайтынан онлайн форматта тамашалай алады.

Байланысты жаналықтар

Самат Смақов: Қазақ футболы кері кетіп барады

20.04.2025

Садриддин Ахметов алғаш рет жеңіске жете алмады

20.04.2025

Қарағандылық “Шахтердің” бұрынғы футболшысы 39 жасында қаза тапты

19.04.2025

Ресейдегі турнирде Сәкен Бибосынов чемпион атанды

19.04.2025

Самбодан Азия чемпионаты: Кадеттер арасында Қазақстан құрамасы бірінші орын иеленді

19.04.2025

Келесі жылдан бастап жаттықтырушыларға 30 пайыз үстемеақы қосылады

19.04.2025
MalimBlocks
Самат Смақов: Қазақ футболы кері кетіп барады

Садриддин Ахметов алғаш рет жеңіске жете алмады

Қарағандылық “Шахтердің” бұрынғы футболшысы 39 жасында қаза тапты

Қарағандылық "Шахтер" клубының және Хорватия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Никола Покривач 39 жасында жол апатынан қаза тапты

Ресейдегі турнирде Сәкен Бибосынов чемпион атанды

Боксшы финалда ресейлік Денис Палшинмен қолғап түйістірді

Самбодан Азия чемпионаты: Кадеттер арасында Қазақстан құрамасы бірінші орын иеленді

Қыздардан Бақнұр Әбдешова (41 кг), Зере Талғатқызы (44 кг), Қаншайым Тұрдыбай (54 кг), Аружан Дауымбаева (65 кг) қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды

Келесі жылдан бастап жаттықтырушыларға 30 пайыз үстемеақы қосылады