Қазақстан – Грекия ойыны: Ұлттық құрама үшін наурыз сәтті ай  

Malim Админ

  • 21.03.2024

 

Қазақстан мен Грекия құрамалары Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалдық кезеңінде ойнайды. Футбол бүгін, яғни, 22-наурызда Астана уақытымен 00:35 те басталады.  
Бірнеше күн бұрын Қазақстан ұлттық құрамасының ойынан ақпарат тарату үшін еліміздің бірқатар журналисі Афинаға аттанған еді. Олардың қатарында El.kz сайтының тілшісі, спорт журналисі Бек Төлеуов та бар. Malim.kz редакциясы Бек мырзаға хабарласып, дүбірлі дода жайлы ақпарат алды. Журналистің сөзінше, қазақстандық спортшылар жауапкершілікті сезініп, бұл ойынның үлкен мүмкіндік екенін біліп отыр.  


- Футболшылардың көңіл-күйлері көтеріңкі. Физикалық, психологиялық дайындықтары жоғары екені байқалады. Бізге жеткен ақпарат бойынша, елден Ұлттық құраманы қолдауға мыңдаған жанкүйер келген. Бұл да спортшылардың барын салып, өнер көрсетуіне оң әсер етеді деп үміттеніп отырмыз. Айта кетер жайт, бұған дейінгі ойындарға көз жүгіртсек, Қазақстан Ұлттық құрамасы үшін Наурыз айы айтырлықтай нәтижелі болған екен. Дания, Сербия сияқты елдерді дәл осы Наурызда жеңген. Осы жолы да сәтін салса деген тілек бар, - дейді Бек Төлеуов.   

Еуропа чемпионатына жолдаманы соңғы 4 команда бөліске салады. Олар Грекия-Қазақстан, Грузия-Люксембург.  
Бүгін Грузия мен Люксембург футболшылары Тблисиде кездеседі. Төрт команда арасынан шыққан екі жеңімпаз бір-бірімен жолығады. Ал сол ойында басым түскен команда Еуропа чемпионатына жолдама алады.    
Еуропа чемпионаты 2024 жылдың 14-шілдесінде Германияда өтеді.

 

ФОТО: ҚФФ

Байланысты жаналықтар

Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

06.05.2025

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

01.05.2025

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

30.04.2025

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

24.04.2025

Самат Смақов: Қазақ футболы кері кетіп барады

20.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025
MalimBlocks
Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

Таныстырылымға облыс әкімі Берік Уәли қатысты

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

Самат Смақов: Қазақ футболы кері кетіп барады

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады