Қазақстанның құрметті журналисі Данабек Бименов өмірден озды

Malim Админ

  • 19.07.2021

Қазақстанның құрметті журналисі Данабек Бименов 67 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарат агенттігі хабарлады.

Данабек Бименов журналистика келгенге дейін физик болып жұмыс істеді. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған соң, зерттеу экспедициясының құрамында Антарктидадағы Мирный стансасына барған. Ол экологиялық қауіпсіздік пен климат бойынша түрлі ғылыми мақалалардың авторы.

Журналистикаға ғылымнан келген Данабек Бименов BBC телерадио корпорациясы қазақ редакциясында он жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Содан кейін "Азаттық радиосына жұмыс істеген. Кейін ҚазТАГ ақпарат агенттігі қазақ редакциясының редакторы қызметін атқарды. Соңғы жылдары "Вечерний Алматы" басылымында жұмыс істеген.

2014 жылы Қазақстан Журналистер одағы Данабек Бименовке "Қазақстанның құрметті журналисі" атағын берген. Данабек Бименов журналистер арасындағы бірқатар халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы.

Malim.kz Данабек Бименовтің туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Фото: ҚазТАГ

Байланысты жаналықтар

Елдос Сметовтың бапкерінің айлығына 4 млн теңге қосылды

23.10.2024

Асу Алмабаев UFC рейтингінде 7-орынға көтерілді

22.10.2024

Әйелдердің сөзін сөйлейтіндердің қатарынанмын - Елдос Сметов

22.10.2024

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін кіммен өткізетіні анықталды

21.10.2024

Асу Алмабаев UFC-де төртінші қарсыласын жеңді

20.10.2024

«Қалжыңымды түсінбесе, менікі дұрыс болмағаны». Черчесов айтқан сөзіне түсініктеме берді

19.10.2024
MalimBlocks
Елдос Сметовтың бапкерінің айлығына 4 млн теңге қосылды

Бұл Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының 2014 жылғы бұйрығына сәйкес жүзеге асты

Асу Алмабаев UFC рейтингінде 7-орынға көтерілді

Бұған дейін ол 14-орында тұрған.

Әйелдердің сөзін сөйлейтіндердің қатарынанмын - Елдос Сметов

Спортшы әрдайым анасын қорғауға дайын тұратынын айтты

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін кіммен өткізетіні анықталды

Асу Алмабаев UFC-де төртінші қарсыласын жеңді

Ол жалпы карьерасында 16 жеңістен тұратын сериясын жалғастыра түсті

«Қалжыңымды түсінбесе, менікі дұрыс болмағаны». Черчесов айтқан сөзіне түсініктеме берді

Ол қазақша сұрақ қойған журналиске қалжыңдаймын деп дауға қалған болатын