«Үмітті ақтамадым». Елена Рыбакина жанкүйерлерінен кешірім сұрап, видеоүндеу жасады

Қазақстандықтардың басым көпшілігі Рыбакинаның жарыстан бас тартқанына наразылық білдірген.

Сабина Асқарқызы

  • 31.07.2024

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартқаны белгілі. Ол денсаулық жағдайына байланысты олимпиадаға қатыса алмайтынын мәлімдеген еді. Алайда, қазақстандықтардың басым көпшілігі Рыбакинаның бұл шешіміне наразылық білдірген, деп хабарлайды Malim.kz.

Елена Рыбакина Қазақстан халқына және жанкүйерлеріне үндеу жасап, жағдайдың қаншалықты қиын болғанын жеткізуге тырысты.

“Құрметті жанкүйерлер, Отандастарым! Сіздерге Париждегі Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсете алмағаныма өзімнің қаншалықты ренжігенімді және өкінетінімді айтып хабарлаймын. Мен командамен бірге белсенді дайындалдып, өкінішке қарай, дәл жарыс басталар алдында сырқаттанып қалдым. Дене қызуым қатты көтеріліп, тыныс алуым да қиын болды, дәрігерлер маған кортқа шығуға қатаң тыйым салды”, – деді Елена Рыбакина.

Ресейден келген теннисші үмітті ақтамағаны үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.

“Барлық қазақстандық жанкүйерлерден ақталмаған үміттеріңіз үшін кешірім сұрағым келеді. Бұл жағдай жүрегіме өте қатты тиді, өйткені мен өз командаммен осы Олимпиада ойындарында жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін көп дайындалдым және медаль жеңгім келді. Токиода өткен Олимпиадада мен медаль алуға өте жақын болдым және медаль алу менің үлкен мақсатым болып қала берді. Мен жақын арада кортқа шыға аламын деп үміттенемін. Барлық отандастарыма алғысымды жеткізгім келеді, өйткені әлемнің қай түкпірінде ойнасам да сіздер маған әрқашан айтарлықтай қолдау көрсетесіздер. Стадиондарда көк байрағымызды көріп әрқашан қуанамын. Көп рахмет және кортқа жақын арада ораламын деп үміттенемін”, – деді Елена Рыбакина.

Фото: ҚТФ

Байланысты жаналықтар

Юлия Путинцева әлемдік рейтингте жоғарылады

28.10.2024

Заңғар Нұрланұлы Кореядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды

25.10.2024

Әйелдердің сөзін сөйлейтіндердің қатарынанмын - Елдос Сметов

22.10.2024

Анна Данилина WTA-1000 турнирінде жеңіске жетті

13.10.2024

Елена Рыбакина рейтингіде төмен сырғыды

07.10.2024

«Қазақстандағылар күлген еді». Өзбекстанның бас бапкері өзін сынап жатқандарға жауап берді

20.09.2024
MalimBlocks
Юлия Путинцева әлемдік рейтингте жоғарылады

WTA рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өзінің 5-орнын сақтап қалды

Заңғар Нұрланұлы Кореядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды

Ширек финалда кореялық Йенс Джейонгті (87 ITF Juniors) 6:4, 6:3 есебімен жеңді

Әйелдердің сөзін сөйлейтіндердің қатарынанмын - Елдос Сметов

Спортшы әрдайым анасын қорғауға дайын тұратынын айтты

Анна Данилина WTA-1000 турнирінде жеңіске жетті

Бұл оның мұндай деңгейдегі алғашқы жеңісі

Елена Рыбакина рейтингіде төмен сырғыды

Қазақстандық теннисші төрттіктен шығып қалды.

«Қазақстандағылар күлген еді». Өзбекстанның бас бапкері өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ол бапкер ретінде 7 алтын алуды мақсат еткенін атап өтті