Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Швейцария Қазақстанға ақша қайтарып берді

Саясат
Швейцария Қазақстанға ақша қайтарып берді

Швейцария банктерінің бірінде жатқан 1 млн долларға жуық қаржы Қазақстанға қайтарылды. Бұл қаржының 2011 жылғы «Қорғас ісіне» қатысы бар. Осы іс бойынша айыпталған «ұйымдасқан қылмыстық ақуымдастық» мүшелерінің бірінің есепшотында болған. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

Бас прокуратураның мәліметіне қарағанда, қаржы 14 қыркүйекте қайтарылған.

«Швейцария федералдық билігі "Қорғас ісі" бойынша ұйымдасқан қылмыстық қауымдастық мүшесінің шетелге шығарған 390 миллионнан астам теңгесін Қазақстанға қайтарды. Аталған қаржы Швейцария банкіндегі шетел компаниясының есепшотында болған. Бұл компания 2012 жылдан бері халықаралық іздеу жарияланған қылмыстық қауымдастықтың мүшесі Мағзұм Әбдіралиевке тиесілі болған», деп хабарлады.

Еске салсақ, 2011 жылы Алматы облысындағы «Қорғас» пен «Қалжат» кедендік бекетін және «Алатау» техникалық қызмет көрсету орталығы тексеріліп, 100 шақты адам ұсталып, қылмыстық топ әшкереленген. Олар шекарадан контрабандалық тауарларды өткізумен айналысып келген.

Швейцария банкінен қайтарылған қаржы мемлекет бюджетіне түседі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу