Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Танымал қазақстандық журналист қайтыс болды

Оқиға
Танымал қазақстандық журналист қайтыс болды

Қоғамдық-саяси "Время" газетінің бас редакторы, қазақстандық журналист Лев Тараков өмірден өтті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл ақпаратты "Время" газеті растады. Қазақстандық журналист, қоғам қайраткері 58 жасында қайтыс болды.

Лев Тараков Киевтегі жоғары әскери-теңіз саяси училищесін бітірген. Еңбек жолын Солтүстік флотта офицер болып бастаған. Әр жылдары баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары министрлігінде, Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында басшылық қызметтер атқарған, сондай-ақ, "Известия-Казахстан" газетінің бас редакторы болған.

Лев Тараков "Литер-Медиа" холдингінде жұмыс істеген. 2023 жылғы мамырдан бастап "Время" газетінің бас редакторы қызметін атқарып келген.

Фото: time.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу