Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев қорғаныс министрін отставкаға жіберді

Саясат
Тоқаев қорғаныс министрін отставкаға жіберді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

26 тамыз күні Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлім қоймасында өрт шығып, жарылыс болды. Кемі 15 адам қаза тапты, жүзге жуық адам жараланды.

Оқиғадан кейін Азаттық тілшісінің сұрағына жауап берген қорғаныс министрі "оқиға туралы естіген бірінші минутта отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын" мәлімдеген.

28 тамыз күні тілшілердің сұрағына жауап берген Ермекбаев "министрді кінәлауды надандық" деп, бірақ "жеке өзі кінәсіз, жазықсыз болса да, бірінші басшы ретінде отставкаға кететінін" жеткізген.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу