Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Ұлтты тәрбиелеуге тиіс мұғалімдеріміз бүгінде курьер болып жүр" – Руслан Берденов шындықты ашып айтты

Білім-ғылым
"Ұлтты тәрбиелеуге тиіс мұғалімдеріміз бүгінде курьер болып жүр" – Руслан Берденов шындықты ашып айтты
t.me/mazhilis_kz. Суретте: Руслан Берденов

Экс-депутат Руслан Берденов білім беру жүйесіне өзгеріс енгізу қажеттігін көтерді, деп Malim.kz тілшісі Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде Руслан Берденовтің білім саласына қатысты пікірі кеңінен талқыланып, көптеген мұғалімдер өңірлердегі өзекті мәселелерді ашық жеткізді. Пікір білдірушілердің айтуынша, оқу жылы басталғалы бітпейтін іс-шаралар мен формалдылықтар сынып жетекшілерін әбден қажытқан.

"Өте өзекті мәселе қозғадыңыз. Мен өзім мектепте мұғалім болып жасаймын. Оқу жыы басталғалы бітпейтін іс-шара, селкілдеуден сынып жетекшілер шаршадық. ...Өзі айналдырған 45 минут", "Мен де мұғаліммін, көзбояушылық өте көп", "Мектепте рейтинг деген болмауы керек. Көзді жұмып, өтірік бағаны қоямыз, әйтпесе сыныптың рейтингі, мектептің рейтингі түседі деп", "Әйтеуір бітпейтін флешмоб, видео түсіру керек мұғалімге, қашан сабақ өтеді мұғалім?" – деді олар.

Талқылау барысында бір мұғалім үздіксіз іс-шаралар мен жүктеменің салдарынан курьерлік қызметке кетуге мәжбүр болғанын жазған. Бұл жағдайға қатысты Руслан Берденов:

"Ұлтты тәрбиелеуге тиіс мұғалімдеріміз, өкінішке қарай, бүгінде курьер болып жүр", – деді бұл турасында Руслан Берденов. 

Сонымен қатар ол мектептерде түрлі би кештері мен дискотекаларға шектеу қою қажет екенін айтты.

"Біз мектеп кезде мұғалімдерден жасырын дискотека ұйымдастыратынбыз. Оның тәрбиелік те, өмірлік те пайдасы болған жоқ. Керісінше Zuko мен Invite сияқты сусындардан басталған әдет уақыт өте алкогольге ауысты. Көп жас ішімдікті дәл осындай отырыстардан үйренді. Қазір болса дискотека - кейбір мектептерде апталық міндетті программа", – деді ол.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу