freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Хаменеи өлімінен соң Иранды уақытша кім басқаратыны белгілі болды

Әлем
Хаменеи өлімінен соң Иранды уақытша кім басқаратыны белгілі болды
Фото: https://t.me/dwglavnoe

Иранда жоғарғы көшбасшы Али Хаменеи қаза тапқаннан кейін елді уақытша басқаратын тұлғалар белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, билік транзиті кезеңінде басқару тізгіні президент Масуд Пезешкианға, сот жүйесінің басшысы Голям Хосейн Мохсени-Эджеиге және Конституцияны қорғау кеңесінің өкіліне жүктеледі. Бұл туралы марқұм аятолланың кеңесшілерінің бірі Мохаммад Мохбер мәлімдеген.

Иран парламентінің спикері Мохаммад Багер Галибаф билік өкілдері «Хаменеи жолын жалғастыратынын» айтып, ел басшылығы әртүрлі сценарийлерге, соның ішінде осындай жағдайға алдын ала дайындалғанын жеткізді.

Бұған дейін IRNA генерал-майор Мохаммад Пакпурдің қаза тапқанын хабарлаған еді. Ол 2025 жылғы маусымда Израиль бұрынғы КСИР басшысын жойғаннан кейін Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы қызметіне тағайындалған болатын.

Сондай-ақ IRNA дерегінше, АҚШ пен Израильдің соңғы соққылары кезінде Қорғаныс кеңесінің хатшысы, адмирал Али Шамхани да қаза тапқан. CBS News дереккөздерінің алдын ала мәліметі бойынша, 28 ақпандағы шабуылдар салдарынан жалпы шамамен 40 ирандық шенеунік мерт болған.

Бұған дейін Иран БАҚ-тары Али Хаменеинің қаза тапқанын растаған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу