Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға қатысты әлеуметтік желіде айтылған балағат сөздер бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы агенттік тілшісінің сауалына жауап берген ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. П. есімді азаматша анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның әрекеттеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілуде, – делінген ведомство жауабында.
Бұған дейін Threads әлеуметтік желісінде Виолетта Паршина есімді қолданушы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар туралы жазба астына балағат сөздер қалдырғаны хабарланған еді. Бұл әрекет қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Бұған дейін Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қорлаған алматылық мұғалім жұмыстан босатылғаны туралы жазған едік.