"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылғы 30 қазан, бейсенбі күнге арналған ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.
Болжам бойынша, еліміздің басым бөлігі антициклонның сілемі әсерінде болады, соның салдарынан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен жаңбыр жауады, батыста – қатты жаңбыр. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшеюі мүмкін", - делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Фото: unslash