Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

6 қаңтарда қалың қар жауып, көктайғақ болады

Экология
6 қаңтарда қалың қар жауып, көктайғақ болады
Фото: pixabay

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 6 қаңтар, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Метеорологтардың айтуынша, Қазақстанның басым бөлігі циклонның ықпалында әлі қалып отыр.

Солтүстік аймақтарда қалың қар, батыста қар аралас жаңбыр жауады, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын болмайтыны да нақтылынады.

Сонымен қатар, республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылыс ретінде тұман, көктайғақ және желдің екпін алуы аталады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу