Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері

Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Жангелді ауданы, Қостанай облысында дүниеге келген. 1937 жылы 8 желтоқсанда Алматы қаласында қаза тапқан. Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.

Malim Админ

  • 18.07.2024

Иттің достығы
Бір байдың «Төрткөз», «Мойнақ» төбеттері,  
Өздері, ит болса да, әдепті еді. 
Түнде үріп, күндіз үрмей, жай жатататын 
Болады әдепті иттің әдеттері. 

Түс мезгіл екі төбет тойып жатып, 
Кемпір наз-өкпелерін қойып жатып, 
Ас үйдің алдындағы күн шуақта 
Сөйлесті әр нәрсенің басын шатып. 

Сөз қылды жақсылықты, жамандықты, 
Жомарттық, мырзалық пен сараңдықты. 
Достықтың, дұшпандықтың жайын сөйлеп, 
Қолға алды татулық пен араздықты. 

Тілмарсып сол уақытта айтты «Мойнақ»: 
«Менсіз-ақ қара, «Төрткөз», өзің ойлап. 
Дүниеде одан артық не нәрсе бар  
Тұрғаннан татулықпен күліп-ойнап?! 

Дос болсаң құшақтасып, жанға балап, 
Сөз айтсаң бір-біріңе «шырақ, қарақ», 
Алты күн ашаршылық көрсең дағы, 
Жемесең бірің жоқта бірің тамақ; 

Достың дос жұлдырмаса жауға түгін, 
Еш нәрсе айырмаса ара-жігін 
Бірінің қабағына бірі қарап, 
Білмесе күннің қалай өткендігін! – 

Не бар деп дүниеде мұнан артық, 
Мен қалып бір қиялға тұрмын бүгін. 
«Жолдыаяқ», ақсақ «Құтпан», жаман «Сарқұс», 
Солар да тату боп жүр, біздер түгіл». 

Сөйледі маңызданып енді «Төрткөз»: 
«Мойнеке», мұның әбден айтарлық сөз. 
«Тұрмайтын бір күн тату неміз бар?» – деп, 
Мен дағы ойлаушы едім осыны әр кез. 

Не келіп, тірі жүрсең, не кетпейді, 
Араз боп, екеуімізге не жетпейді? 
Тамақ тоқ, өркені өссін иеміздің! 
Тыюсыз сөгіп-соқпай, құрметтейді. 

Расын рас демей, танамыз ба? 
Бір тәулік татулық жоқ арамызда; 
Тұрмайтын ренішке сәл нәрсеге 
Екеуіміз таласамыз, барамыз да. 

Мұндай іс арасында болған емес, 
Көз салсақ бұрынғы өткен бабамызға. 
Атаның жолын қумай, лаққанда, 
Тура жол сонан артық табамыз ба?». 

Бұл сөзге көңілденіп, «Мойнақ» тасты, 
Ол үлкен, онан гөрі «Төрткөз» жас-ты; 
«Төрткөзім!», «Мойнекем!» –деп, бірін-бірі, 
Дос болып, серт айтысып, құшақтасты. 

Екеуі бірін-бірі сүйді, құшты, 
Қызығы басылмаған достық күшті. 
Ас үйден лақтырылған бір омыртқа 
Солардың нақ жанына келіп түсті. 

Көрген соң майлы сүйек, ит тұрар ма? 
Құшағын жазып ала жүгірісті. 
Достықты, айтқан сертті былай қойып, 
Екеуі бір-біріне салды тісті:

Досты дос мұнан артық қалай сыйлар 
Жүндері бұрқыраған аспанға ұшты. 
Су құйып үстеріне, жиылған жұрт 
Екеуін зордан ғана айырысты. 

Иттерге таласса да жарасады,

Әйтпесе ит әдетінен адасады.

Дос болған адамдарға қарап тұрсақ,

Биікпен тең деп болмас аласаны.

Сүйектей арасына дүние түссе,

Иттерден олар артық таласады.
 

Байланысты жаналықтар

«Жоғал, құрып кет, иттің баласы»: Айнұр Тұрсынбаева баланы қалай тәрбиелеу керегін түсіндірді

31.03.2025

«Құқығым бар»: Қорғаныс министрінің орынбасары қазақ тілінде жауап беруден бас тартты

27.02.2025

Айгүл Иманбаева қаламгер Дулат Исабековпен қоштаса алмай қалғанын айтты

24.02.2025

Қандай пәндердің мұғалімдері әлсіз? Министр Бейсембаев ұстаздардың осал тұсын айтты

08.02.2025

Танымал әншінің әйелі өлең оқып, қазақ тілін үйреніп жүргенін көрсетті

20.01.2025

Мекемтас Мырзахмет дүниеден өтті

11.01.2025
MalimBlocks
«Жоғал, құрып кет, иттің баласы»: Айнұр Тұрсынбаева баланы қалай тәрбиелеу керегін түсіндірді

Айтыскер баланы қорқытудан аулақ болу керегін атап өтті

«Құқығым бар»: Қорғаныс министрінің орынбасары қазақ тілінде жауап беруден бас тартты

Айгүл Иманбаева қаламгер Дулат Исабековпен қоштаса алмай қалғанын айтты

Жазушы 82 жасында дүниеден озды

Қандай пәндердің мұғалімдері әлсіз? Министр Бейсембаев ұстаздардың осал тұсын айтты

Бұл білім беру бағдарламалары қайта қарауды талап етеді

Танымал әншінің әйелі өлең оқып, қазақ тілін үйреніп жүргенін көрсетті

Желі қолданушылары төртінші сәбиін күтіп жүрген Аишаға жылы лебіздерін білдірді

Мекемтас Мырзахмет дүниеден өтті