Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдері

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 жылы 28 қазанда Көкшетау облысында дүниеге келген. 1920 жылы 21 мамырда Баянауыл ауданында қайтыс болған. Ақын, ағартушы.

Malim Админ

  • 18.07.2024

Бір адамға

Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
«Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар!..»

Ол рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан ғып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр-ай қалай бұлдаған сатқандарын,
Оқа, түйме, сылдырлақ, теңге алыпты!

Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: «Оңдырған-ау, баққан халқын».
Соншама құны толық бұлды түйме,
Артында қалдырмас па жақсы даңқын.

Дедім мен: «Құтты болсын шекпеніңіз,
Артқыға қандай егін еккеніңіз?
Жусақ та денемізден кетер емес,
Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз».

Көргенде күміс кесе, алтын аяқ,
Бір сөзді тамағыма қойдым таяп.
«Қай момынның малы бар бұл аяқта?»
Демейінше болмады, қарап жай-ақ.

Отырдым, көрсем жекіп тастар ма деп,
Шал айтты: «Көріңіздер, жасқанба!» деп.
Кесені қолыма алып қарай бердім,
Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп.

 

Байланысты жаналықтар

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

05.05.2025

Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті

18.04.2025

Қарақат Әбілдина танымал ақынның өзін «лақтырып» кеткенін айтты

09.04.2025

«Жоғал, құрып кет, иттің баласы»: Айнұр Тұрсынбаева баланы қалай тәрбиелеу керегін түсіндірді

31.03.2025

Ақын Мінуар Әкімқұлов өлеңдері

28.01.2025

Алаштың аймаңдай ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров

04.01.2025
MalimBlocks
Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр

Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті

Розалинда Шаханова 1951 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген.

Қарақат Әбілдина танымал ақынның өзін «лақтырып» кеткенін айтты

Ол келмеген қонақтарына да ренжулі екен.

«Жоғал, құрып кет, иттің баласы»: Айнұр Тұрсынбаева баланы қалай тәрбиелеу керегін түсіндірді

Айтыскер баланы қорқытудан аулақ болу керегін атап өтті

Ақын Мінуар Әкімқұлов өлеңдері

Алаштың аймаңдай ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров