Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әкесі өзінің спортшы қызын қызғанып, бес жерінен атып өлтірген

Әлем
Әкесі өзінің спортшы қызын қызғанып, бес жерінен атып өлтірген
Taulik.kz коллажы

Үндістанда 25 жастағы перспективалы спортшы Радхика Ядавтың қазасы елді дүр сілкіндірді. Жергілікті полицияның хабарлауынша, Гуруграм қаласында танымал теннисшіні туған әкесі бірнеше рет атып өлтірген, деп хабарлайды Malim.kz.

Радхика Ядав – Харьяна штатында танылып үлгерген, болашағынан зор үміт күттірген спортшы еді. Тергеу мәліметі бойынша, әкесі оған бес рет оқ атқан, үш оқ арқасына тиген. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген Радхиканың өмірін дәрігерлер сақтап қала алмады.

Алғашында оқиғаның себебі – тұрмыстық жанжал делінген. Алайда тергеу барысында туыстар мен көршілер әкесінің қызын қызғанышпен бақылай бастағанын айтқан. Радхика жеке теннис академиясын ашып, табысты жұмыс істеген. Отбасы соның кірісіне қарап отырса да, әкесі қыздың танымалдығы артып, әлеуметтік желіде белсенді болуына қарсы болған.

Полиция күдіктіні қамауға алды, тергеу жалғасып жатыр.

Бұл қайғылы жағдай Үндістанда гендерлік теңсіздік пен отбасылық зорлық мәселесін қайта көтерді. Жергілікті қоғам белсенділері мен спортшылар әділ тергеу жүргізіліп, әйелдердің қауіпсіздігіне көбірек көңіл бөлінуі қажет екенін айтуда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу