"АҚШ-ты Қытайға саттың". Камала Харрис Трампты айыптады

Бұл пікірталас - 5 қараша өтетін сайлаудың алдындағы маңызды сәт

Мадина Қайнарова

  • 11.09.2024

АҚШ-тың ABC News теларнасында президенттікке үміткер Дональд Трамп пен Камала Харрис арасында пікірталас өтті.

Үміткерлер 90 минут бойы телеарна жүргізушілерінің сұрақтарына жауап берді. Бұл пікірталас - 5 қараша өтетін сайлаудың алдындағы маңызды сәт. Ұлттық сауалнама нәтижелері екі кандидаттың тең келе жатқанын көрсеткен болатын.

Пікірталас кезінде Харрис бәсекелесін Қытайға чиптерді жеткізуге көмектесті деп айыптады, айтуынша, бұл Қытай қарулы күштерінің модернизациясына әкелген.

- Трамп президент болған кезде америкалық чиптерді Қытайдың қарулы күштерін жақсартып, модернизациялауға көмектесу үшін соларға сата бастады. Былайша айтқанда, бізді сатып жіберді, - деді АҚШ вице-президенті.

Сондай-ақ  Харрис Трамптың шетелдік тауарлардың импортына баж салығын көбейткенін сынға алды.  

Трамп халықты жұмыссыздыққа алып келді. Біз Дональд Трамп ұйымдастырған тәртіпсіздіктерді ретке келтірдік, - деді Харрис.

Ал республикалық партия кандидаты Харристы Джо Байден әкімшілігі басқарған кезеңдегі инфляция үшін сынға алып, иммиграция мәселесін де көтерді. Трамп Харрис жеңген жағдайда елдің «табысқа жету мүмкіндігі жоқ» деп мәлімдеді.

- Ол бұл елді құртып жатыр. Егер ол президент болса, елдің табысқа жетуге еш мүмкіндігі болмайды. Біз "стереоидқа отырған" Венесуэлаға айналамыз, - деді Трамп Латын Америкасы елдерінен келген заңсыз мигранттардың АҚШ-қа ағылуын алға тартып.

Фото: AP Photo/Alex Brandon

Байланысты жаналықтар

АҚШ БҰҰ-ның Газада атысты тоқтату туралы қарарына вето қойды

21.11.2024

Пентагон құжаттарын жариялады деп айыпталған Джек Тейшейра сотталды

13.11.2024

Илон Маск АҚШ Үкіметінің жұмысына араласады

08.11.2024

Талғар қаласы әкімінің сайлауы өтеді

08.11.2024

Дональд Трамптың инаугурациясы қашан өтетіні белгілі болды

07.11.2024

Трамп Ресей мен Қытайды тізгіндей ала ма?

07.11.2024
MalimBlocks
АҚШ БҰҰ-ның Газада атысты тоқтату туралы қарарына вето қойды

Қарарға АҚШ-ты қоспағанда Кеңестің қалған 14 мүшесі дауыс берді

Пентагон құжаттарын жариялады деп айыпталған Джек Тейшейра сотталды

2022 жылдың соңында құпия файлдарды жүктей бастаған

Илон Маск АҚШ Үкіметінің жұмысына араласады

"Бюрократияны шектеп, құрылыс салуға мүмкіндік беруіміз керек" деді ол.

Талғар қаласы әкімінің сайлауы өтеді

Дональд Трамптың инаугурациясы қашан өтетіні белгілі болды

Дауыстарды есептеу мен сайлаудың қорытындысын растау 6 қаңтарда өтеді

Трамп Ресей мен Қытайды тізгіндей ала ма?

Сайлау өткен соң Вашингтон мен Мәскеудің арасындағы қарым-қатынас өзгереді. Путин Американың ішкі ісіне нақты араласпаса да, оның тұрақсыздығын қалайтыны мәлім. Ол хаос пен үрейді ұнатады әрі соны «саудалағысы» келеді