Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен қамауға алынды

Мұның алдында президент әскери жағдай жариялағаны үшін халқынан кешірім сұраған еді

Malim Админ

  • 08.12.2024

Бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хён Сеулдің шығысындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Өткен аптада президент Юн Сок Ёл Оңтүстік Кореяда қысқа мерізімге әскери жағдай жариялаған. Содан кейін прокурорлар бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хёнді мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алған.

Арнайы тергеу штабы Кимді тұтқындап, оның ұялы телефонын тәркілегенін хабарлады. Сәрсенбі күні қорғаныс министрі Ким Ён Хен кешірім сұрап, отставкаға кетуді ұсынған еді. Президент экс-қорғаныс министрінің отставкасын қабылдаған.

Бұған дейін президент Юн Сок Ёлға мемлекетте әскери жағдай енгізбек болған әрекеті үшін импичмент жариялау туралы ұсыныс енгізілген. Сенбі күні кворумның болмауына байланысты ұсыныс қабылданбады. Соның арқасында президент қызметінде қалды. Дегенмен, Оңтүстік Корея еліндегі саяси жағдай толық тұрақтады деп әзірге айтуға келмейді.

Фото: Yonhap 
 

Байланысты жаналықтар

Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

19.05.2025

Бұрынғы президент пара алды деген күдікке ілінді

24.04.2025

Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келген?

21.04.2025

Салынып жатқан метро опырылды: бір адам табылмай жатыр

12.04.2025

АҚШ-та Трампқа импичмент жариялау ұсынылды

06.04.2025

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль қызметінен түпкілікті шеттетілді

04.04.2025
MalimBlocks
Түркістан облысы мен Оңтүстік Корея арасында іскерлік байланыс нығаяды

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық көкжиегін кеңейту туралы талқылады

Бұрынғы президент пара алды деген күдікке ілінді

Экс‑президенттің қызы мен күйеу баласына қатысты мемлекеттік айыптау әзірге кейінге қалдырылды

Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келген?

Былтыр елге 15,3 млн шетелдік қонақ келген

Салынып жатқан метро опырылды: бір адам табылмай жатыр

Оқиға Оңтүстік Кореяда болған

АҚШ-та Трампқа импичмент жариялау ұсынылды

АҚШ-тың демократ-конгрессмені Эл Грин қазіргі президент Дональд Трампқа импичмент жариялау рәсімін бастауды ұсынды

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль қызметінен түпкілікті шеттетілді

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізуге тырысқаннан кейін төрт ай өткен соң Конституциялық сот оның импичментін қолдап, мемлекет басшысын қызметінен түпкілікті шеттетті