Өзбекстанда сотталушылар арасында кітап оқығандардың жазасы жеңілдейді

Сабина Асқарқызы

  • 15.02.2025

Өзбекстан парламентінің төменгі палатасы кітап оқығаны үшін сотталғандардың жаза мерзімін қысқартуды көздейтін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Malim.kz. 

Құжатқа сәйкес қылмыстық кодекске «сотталғандарды моральдық тұрғыда түзету» туралы жаңа бап енгізу жоспарланған. Осы бағдарлама аясында тұтқындар бекітілген тізімдегі әрбір оқылған кітап үшін жаза мерзімін үш күнге қысқарта алады, егер олар оның мазмұны бойынша емтиханды сәтті тапсырса ғана бұл жеңілдік беріледі.

Бұл ретте шектеу де бар, яғни сотталғандар жылына 10 кітаптан көп шығарма оқып, емтихан тапсыра алмайды. Сарапшылардың пайымынша, аталған бастама темір торға түскендерді тиімді оңалтуға ықпал етеді.

Өзбекстан ішкі істер министрінің орынбасары Рамазан Шарапов көркем әдебиетті оқу сотталғандарға басқалардың эмоциялары мен сезімдерін жақсы түсінуге, сондай-ақ олардың мінез-құлқын қайта қарауға көмектесетінін атап өтті.

Енді аталған заң жобасы Сенаттың қарауына енгізіледі. Тиісті талқылаудан сұрыпталып шыққан нұсқа кейін қол қою үшін Өзбекстан президентіне жолданады.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

18.04.2025

«Бұл ақпаратты кім таратып жатқанын білемін»: Асхат Садырбай неліктен сотқа жүгінгенін түсіндірді

18.04.2025

Үш көлікпен келген адамның немеремді теппегені жоқ – Шерзат Болаттың әжесі

18.04.2025

Екі жасөспірім Украинадағы соғыс туралы видео үшін сотталды

17.04.2025

Шерзат Болаттың ісі: Айыпталушылар кінәсін мойындамады

17.04.2025

Асхат Садырбай бұрынғы әйелінен 1,5 млн теңге талап етті

17.04.2025
MalimBlocks
Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

Алаяқтық бойынша айыпталған судьяның Бауыржан Байбектің әйелі екені айтылады

«Бұл ақпаратты кім таратып жатқанын білемін»: Асхат Садырбай неліктен сотқа жүгінгенін түсіндірді

Ол көпшілікті жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Үш көлікпен келген адамның немеремді теппегені жоқ – Шерзат Болаттың әжесі

Екі жасөспірім Украинадағы соғыс туралы видео үшін сотталды

Шерзат Болаттың ісі: Айыпталушылар кінәсін мойындамады

Асхат Садырбай бұрынғы әйелінен 1,5 млн теңге талап етті

Оған қоса әйелінен кешірім хатын сұратып отыр