Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда қоқыс жәшігіне Жириновскийдің есімі берілді

Саясат
Алматыда қоқыс жәшігіне Жириновскийдің есімі берілді

Бүгін Алматы қаласындағы Масаншы көшесінің бойында орналасқан 79 үйдің алдындағы қоқыс жәшіктерінің біріне ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийдің есімі берілді.

Акцияны ұйымдастырған «Намыс» жастар қозғалысының жетекшісі Азамат Ғалымжанұлының сөзінше, олар осы акция арқылы Жириновскийдің Қазақстанға қатысты айтқан пікірлеріне қарсылық білдірген.

«Бір мемлекеттің саясаткері бола тұра тәуелсіз елге қатысты айтқан дүниелері барып тұрған сұмдық. Біз жастар оның айтқан сөздеріне жай қарап тұра алмадық. Ол адам неге лайық, соны жасап бердік», - дейді Ғалымжанұлы.

Бұдан бөлек, Азамат Ғалымжанұлы осы уақытқа дейін Сыртқы істер министрлігі Қазақстан туралы неше түрлі сөз айтқан Владимир Жириновский мен Эдуард Лимоновқа ешқандай шара қолданбағанын айтты.

«2012 жылдан бері Владимир Жириновский мен Эдуард Лимионов екеуі Қазақстан туралы неше түрлі дүние айтқан. Содан бері СІМ тарапынан не жасалды? Ештеңе жасалған жоқ. Талап етсін, біздің елдің, ұлттың алдында кешірім сұратсын. Біз соны талап етеміз», - дейді белсенді.

Владимир Жириновский бала кезінде Алматыда Масаншы көшесіндегі 79 үйде тұрған. Ол жақында қазақстандық журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында тұрған көшесі мен оқыған мектебіне Қазақстан билігі өзінің атын бергенін қалайтынын айтқан.

Бұған дейін, «Намыс» қозғалысының белсенділері «Борат-2» фильміне қарсы акция ұйымдастырып, Алматыдағы АҚШ консулдығына арнайы петиция тапсырған.

 Фотолар автордікі.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу