Дубайдағы бокс: Алғашқы күнні нәтижесі қандай?

  • 26.05.2021

Биыл Үндістанда өтуге тиіс болған бокстан Азия біріншілігі Біріккен Араб Әмірліктерінде өтті. Үндістанның жайы белгілі, корнавируспен әуре болып жатыр, осындай қиын кезде Дубай биылғы құрлық біріншілігін қабылдады. Тез арада жарыс ұйымдастыруға тәуекел еткендерге мың алғыс. Әуежай маңындағы қонақүй былғары қолғап шеберлеріне қоныс болып тұр. Азия чемпионаты да дәл сол қонақүйдің өзінде өтіп жатыр. Бізге мәлім дерек көзі Дубай тек жарыс өтетін орынды ғана ұсынды дегенді айтады. Ас-ауқатынан бастап, жатын жері, төрешілер мен төрелерді қарсы алуға дейінгі барлық міндет сол Үндістан бокс федерациясының мойнында секілді. Қалай десеңіз де, қазір ақпаратты араб жерінен күтіп жүргеніміз анық.

Бұл Азия чемпиондарын анықтайтын үлкен жарыстың алғашқы екі күнінде үш спортшымыз қатарынан жарыс жолынан шығып қалды. Жалпы, қыр астында Токио олимпиадасы тұрғанын ойлады ма екен, бірнеше бокс державалары өз жігіттерін жіберуден бас тартыпты. Тіпті жарыс десе, елең ете қалатын Таиланд пен Қытай да құрлық біріншілігінен бас тартты. Корея мен Жапония олимпиадаға тыңғылықты дайындалуды жөн көріпті. Демек, қатысушы елдер саны күрт кеміді. Келгендері бір-екі аттап, жүлдеге ілініп жатқаны сол. Мысалы, біздің Даниал бірден ширек финалда өнер көрсетті. Ал Зәкір Сафиуллинге жартылай финалға дейін екі жекпе-жек өткізуге тура келді. Енді сол екі күннің кейбір бәсекелерін еске түсірейік.

       Ә дегеннен төрт боксшымыз шаршы алаңға шақырылды. Бірінші болып рингке Сабырхан Махмұт көтерілді. Қарсыласы үндістандық Мохаммад Уддин еді. Шыға ұрыс салып, ол Сабырханның мазасын алды. Біздің жігіт өзге салмақты жатырқады ма, жоқ әлде жарысқа бейімделіп үлгермеді ме, қарсыласын жапырып жіберетіндей қайрат көрсете алмады. Төрешіге сын айтқандар болыпты. Олар не істейді, басымдау көрінген Уддинді жеңімпаз деп танытты. Махмұт Мохаммадтан мықты емес екен. Мүмкін, өзі төселген салмақ дәрежесі болмағаннан кейін де кежегесі кейін тартқан болар.

     Одан соң Серік Теміржанов өнер көрсетті. Павлодар боксының жарық жұлдызы Иран боксшысы Даниял Шахбашпен шеберлік байқасты. Даниял қызық жұдырықтасады екен. Баяғының батырындай көкіректі керіп тастап, қарсыласынан қауіп күтпестен өз мәнеріне салады. Машығы да байқалып тұрды. Байқалатыны – біздің боксшының сырын әбден алған, былтыр Амманда өткен олимпиадалық іріктеу турнирінде қапы қалған. Соның есесін қайтаруға сайланып келіпті. Жалпы, Иран спортшылары шетінен күрескер. Балуан деуге де болады. Еркін күресте ешкімге дес бермейді. Енді ұруды да қапысыз меңгеру үстінде. Рингте дұрыс жүруді үйренсе, мамандар оны аяқпен жұмыс істеу дейді, кез келген қарсыластың осал тұсын табатыны анық. Қысқасы, Даниял дара шықты. Әлде Серік сәл асықты ма? Теміржанов тербеліп жүргенде қарсыласы ұпайды уыстап алды. Нәтижесі белгілі. Дубайда жүрген әріптеске хат жазамыз ғой.  Көргенімізді телефон ішіне сыйғызып. Дереу үн қатыпты. «Айтқан сөзіңіздің бір кемі жоқ. Бас бапкер де солай ойлап отыр».

      Дубайдан дұғай сәлем жеткен тұста рингке Зәкір Сафиуллин шықты. Қарсыласы – Ашкан Резаи. Екеуі жыл бұрын Иорданияда жұдырықтасты. Ол кезде Сафиуллин сергек қимылдады. Ашканды қазір де «ашса алақанында, жұмса жұдырығында» ұстамақшы еді. Оған Резаи келіспеді. Бір жыл ішінде деңгейі қатты өсіпті. Бірінші раундта жеңілген жоқ, үзілістен кейін Зәкір тактикасын өзгертті. Боксы да түлеп сала берді. Әсіресе екінші раундтың екінші минутынан кейін бір-екі салмақты соққы берді. Жұдырығы діттеген жерден табылды. Үшінші раундта да алған бетінен қайтпады. Сауатты бокс есебінен жеңіске жетті. Төтенше елшіге тағы хабар бердік. Ойымызды оқытып алмаққа. «Дұрыс айтасыз, – деді ол, – бапкерлер бірінші раундтан кейін дұрыс бағыт сілтеді. Сауатты кеңес берді. Зәкір ақылды жігіт. Лезде қағып алып, жекпе-жек барысына өзгеріс әкеліп, өз пайдасына шешті. Рингтен түскен бетте басын шайқап: «Қиын болды, Ашканың қатты өсіпті. Қайта дер кезінде ес жинадым. Іс насырға шаппай тұрып», – деді.

        Айбынды Әбілханның жекпе-жегін күттік. Сан-Петербордағы турнирде сәл жарақат алып, соны емдетіп жүрген. Толық жазылған секілді. Қарсыласы – Кувейт спортшысы. Осы елдің өкілдері боксты әлі үйренбеген секілді. Шыққаны топ ете қалады. Соққыдан. Аманқұл да көп дегенде бір раундта мәселені оң шешер деген үміттеміз. Міне, Нұрлан Ақүрпековтің ақылын тыңдап, рингке қарай ілбіді. Саид Әлбахраниды іздейміз. Оның да бері беттейтін кезі болған. Көрінбейді. Кувейт жақ жым-жырт. Әбілханның рингке шыққанынан түскені тез болды. Әлбахрани әлді жігіттің бәсін білсе керек.  Әбілханның қал-жағдайын сұрап үлгердік. «Питердегі сыннан кейін сәл жарақат бар еді. Соны емдеттік. Негізі, толық қалыпқа келу үшін Әлбахранимен жұдырықтасып көргені  жөн еді. Шықпай қойды ғой. Енді сириялық, үндістандық мықты спортшылар бар. Өзбекпен де жақсы жекпе-жек өтуі тиіс», – деді өзі.

       Жарыстың екінші күнінде ширек финалдық бәсекелер басталды. Қатысушы елдер саны жиырмаға жетпейтіндіктен. Жиырма бес жекпе-жек жоспарланған екен. Соның бірнешеуінде біздің елдің қыз-жігіттері сынға түседі.  Қазақ елінен алдымен Даниал Сәбит сынға түсті. Он тоғыз жастағы спортшы ересектер арасындағы ресми жарысқа тұңғыш рет қатысып отыр. Ойы жақсы, мақсаты да. Топ жарудан үмітті. Тырнақалды бәсекеде  қобалжыған жоқ.  Қарсыласы – Корнелиус Куангу Лангу. Индонезиялық боксшы. Бірінші раундта Лангу сәл ширақ қимылдады. Еңбегін төрешілер де бағалады. Бес қазының үшеуі оны жақтап дауыс берді. Шәкіртінің ұтылып жатқанын байқаған бас бапкер Ғалым Кенжебаев та және оның көмекшілері де Даниалдың қателігін айтып, өзгеше ұрыс жүргізуге кеңес берді. Әсіресе аяқты көбірек икемге келтіріп, жылдам соққы жасап, артынша сытылып шығуды тапсырды. Сәбит сөз ұғатын боксшы. Тапсырманы тап-тұйнақтай орындап, екінші раундта өз үстемдігін паш етті. Бес қазының да ықыласы қазақ боксшысына ауып, оның мерейі үстем болып шыға келді. Үшінші раундта да сол әдетінен айныған жоқ. Нәтижесінде келесі айналымға жолдама  алды. Төтенше елшіден ұққанымыз, ол келесі қарсыласының да осал тұсын табуға дайын екен.

        Осындайда еске түседі, Даниал Сан-Петербордағы турнирде ресейлік Игорь Царегорадцевті әбден сабаған. Алайда үш төреші Игорьді жақтап, дауыс берді. Дауға ұласа жаздаған жекпе-жектің нәтижесіне тіпті жергілікті мамандардың да көңілі толмай, төрешілерге өкпеледі. 49 келі салмақтағы Сәбиттің жігері мұқалып көрген жоқ. Ол жартылай финалда. Демек, кемі қола медаль иегері. Финалға шықса құба-құп. Топ жарса да қарсы емеспіз. Әрине,  алдымен  филиппин жігіті Марк Лестер Дюренсті жеңуі тиіс.

        Күн бұрын өнер көрсеткен  Зәкір Сафиуллин рингке қайта шықты. Ширек финалдық бәсеке. Қарсыласы – моңғол Баатарсухийн Чинзориг. Жеңіске жеткені үздік төрттіктен орын алады. Кейінгісін тәлейінен көреді. Оған мән беріп жатқанымыз – екеуі де құрлықта кең танылған спортшылар. Тар жерде жолығып тұр. Өткелден біреуі ғана өтуі тиіс. Чинзориг осал қарсылас емес. Азия біріншілігінің екі дүркін жүлдегері. Финалда да өнер көрсетті. Жартылай финалға дейін жеткен кезі бар. Ал 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында күміс медаль алды.  Үш раунд тым жылдам өткендей болды. Қос боксшы да барын салды. Ширақ қимылдады. Моңғол Баатарсухийн Чинзориг биыл да жүлдесіз қалуды құп көрмеген секілді. Шынын айту керек. Шүмектеген тер тек олардың самайынан ғана сорғалаған жоқ. Төрешілердің де маңдайы шып-шып терлегені анық. Бірінші раундтан кейін ирландиялық қазы Чинзоригтің соққысы мығым деп есептеді. Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Зәкірге бүйрек бұрды. Түрік және румын төрешілері Баатарсуханийдың белсенділігін бағалады. Сингапур тұсынан Сафиуллин мықты көрінген. Алғашқы үш минуттан кейін моңғол боксшысы бір ұпай ұзап шықты.

       Біз не көрдік? Енді соған келейік. Зәкірдің іші бір қауіпті сезді білем, бірден лап қойды. Тіпті түтіп жіберуге дайын еді. Чинзориг сұңғақтау екен. Қолдары да ұзын секілді. Қысқасы, бәсекені қорғанысқа құрып, қораған жүріп соққы жасауға кірісті. Қарсыласының ұмтылысын байыппен қабылдап, реті келгенде өзі де қойып қалып, ұпай жинады. Яғни төрешілер екінің біріне бұра тартты деуге келмейді.

         Сол көрініс екінші раундта да өзгерген жоқ. Өзеуреп барған Зәкірді моңғол жігіті тоқтатып отырды. Қорғанысы мықты екен. Оны да көңілге түйіп қойдық. Екі батыр үзіліске кеткенде төрешілердің бағасына үңілдік. Ирландияның беті бері қарапты. Дубайлық төреші де баяғы бетінен қайтпаған. Ал өзге үшеуі Чинзоригке шаң жуытпады. Іс насырға шапты деген сол. Енді не сұлатып тастау керек. Құлатып жіберсе тіпті жақсы. Бірақ екі рет қатарынан Азия біріншілігінің жүлдегері атанған, Джакартадағы құрлық ойындарында финалдан табылған Баатарсуханий талып қалатын дәрежеде емес еді. Зәкір атой салды. Барынша есе қайтаруға тырысты. Бірақ БАЭ төрешісінен өзгелері үшінші раундта да Чинзоригті, шынында да, зор боксшы деп мойындады. Зәкір жарысты аяқтады. Сафиуллин бір күн бұрын рингке өте кеш шықты. Түн баласы кірпік ілмеді деуге де келеді. Жас жігіт емес. Санаулы сағаттар ішінде қалыпқа келуі қиын. Оның үстіне қарсыласы да бокс майданының нағыз тісқаққаны.

        Екі күннен кейін үш спортшының үйге қайтатыны белгілі болды. Зәкірден кейін іле-шала Василий Левит рингке көтерілді. Келесі бұрыштан тағы бір Левит шығып келе жатты. Міне, ғажап. Керемет ұқсастық. Эхсанның қазіргі түрі Васядан аумай қалыпты. Тіпті екі боксшы бірін-бірі айнадан көргендей болған шығар. Ұрыс салу мәнері де ұқсайды. Айтпақшы, Иран боксының дамуына «Астана арланс» көп еңбек сіңірді. Рузбаханиді де өзіміз шыңдадық. Василий Левиттің сырын әбден алған. Еске түсіп отыр. Бұл Эхсан Лондон олимпиадасының ширек финалында Әділбек Ниязымбетовке де айбат шеккен. Айбат шегіп қойса бір сәрі ғой. Діттеген жерден ұрудан да тайынған жоқ. Екі бірдей айтулы додада өзбек Эльшод Расуловтан ұтылып қалып, Бакудегі әлем біріншілігінде, Гуанжоуда өткен Азия ойындарында жүлдеден сырт қалып еді. Дубайда Левит тосып алды. Шынын айту керек, ол Василийдің зәресін әбден алды. Егер төрешілер бізге сәл қырын қарағанда Эхсанның қолын көтере салар еді. Левиттің беделі сарапқа түсті  деп те айтуға болады. Негізі, біздің боксшылар алғашқы жекпе-жегін кейде сылбыр өткізеді. Соған жориық. Екіншіден, Рузбахани өте мықты боксшы. Тек жеребе қиын түседі. Әйтпесе Лондон олимпиадасында да жүлдеге ілінер еді. 
 

Байланысты жаналықтар

В объятиях государства. Почему казахстанцы не хотят жениться?

26.03.2024

Рост зарплат в два раза ниже реального роста экономики в Казахстане

13.02.2024

Неравенство в Казахстане как в Африке – исследование

26.01.2024

Почему казахстанцы такие бедные – исследование

24.01.2024

Низкое доверие госинститутам в Казахстане зафиксировали социологи

15.01.2024

Центрально-Азиатский союз: возможности или риски?

20.11.2023
MalimBlocks
В объятиях государства. Почему казахстанцы не хотят жениться?

В Казахстане рекордно снизилась статистика создания новых браков, и это при том, что численность молодежи растет. Как сообщают аналитики Ranking.kz, за январь–декабрь 2023 года в стране зарегистрировали брак 120,9 тыс. пар. Это на 6% меньше, чем годом ранее.

Рост зарплат в два раза ниже реального роста экономики в Казахстане

В четвертом квартале 2023 года среднемесячная заработная плата составила 393.6 тысяч тенге, увеличившись на 12% с предыдущего квартала. Но радоваться этому не стоит. Аналитики «Халык финанс» считают, что такой рост связан с выплатами премий в конце ушедшего года.

Неравенство в Казахстане как в Африке – исследование

Почти половина жителей Казахстане имеет среднемесячные доходы на душу населения ниже минимальной заработной платы (85 тыс. тенге). При этом больше половины этих доходов люди вынуждены тратить на продукты питания. Зато 10% наиболее богатых людей в стране владеют почти 60% всех активов домохозяйств, что ставит Казахстан по уровню имущественного неравенства в один ряд со странами Африки. К таким выводам пришли аналитики «Халык Финанс» в опубликованном исследовании «Экономическое неравенство населения в Казахстане».

Почему казахстанцы такие бедные – исследование

Сырьевая направленность экономики и низкая производительность труда мешают казахстанцам больше зарабатывать. Частный сектор, малый и средний бизнес не то что не стали опорой экономики и источником ее эффективности, но и стагнируют. Тем временем государство увеличивает свою роль во многих сферах, позволяя оставаться на рынке низкопроизводительным компаниям. К таким выводам пришли аналитики «Халык Финанс» в опубликованном отчете «Рынок труда Казахстана 2023 - низкая производительность, скрытая безработица, региональный дисбаланс».

Низкое доверие госинститутам в Казахстане зафиксировали социологи

Центр социологических и политических исследований «Стратегия» опубликовал рейтинг управленческой элиты за 4 квартал 2023 года

Центрально-Азиатский союз: возможности или риски?

Ухудшение социально-экономического положения в странах Центральной Азии на фоне войны в Украине снова стало поводом для обсуждения возможности экономической интеграции. В среду, 15 ноября, эксперты Central Asian Think Tanks Forum, организованного PaperLab в Астане, размышляли, как нашим странам стоит объединять усилия, чтобы наконец перестать быть объектом геополитических и экономических интересов мировых держав и становиться самодостаточным регионом.