Қазақстан ең бақытты елдер арасында нешінші орында?

Қазақстан 20 наурызда жарияланған Әлемдік бақыт баяндамасы (World Happiness Report) рейтингінде 43-орынға жайғасты

Сұлу Бөлек

  • 20.03.2025

Қазақстан 20 наурызда жарияланған Әлемдік бақыт баяндамасы (World Happiness Report) рейтингінде 43-орынға жайғасты, - деп хабарлайды Malim.kz.

Жыл сайын жарияланатын World Happiness Report деректері бойынша, Қазақстан 43-орынды иеленіп, Өзбекстаныд 10 сатыға, Ресейді 13 сатыға, Қырғызстанды 32 сатыға басып озды. Осылайша, ел ТМД елдері арасындағы рейтингте көш бастады.
Еске салайық, 2024 жылы Қазақстан бұл тізімде 49-орында болған.

Әлемдік бақыт баяндамасы – 140-тан аса елдің деректері негізінде жасалатын жыл сайынғы рейтинг. Оны Gallup компаниясы, БҰҰ және Оксфорд университеті бірлесе жариялайды.

Бақыт деңгейі бірнеше негізгі критерий бойынша анықталады. Оларға жан басына шаққандағы ЖІӨ, әлеуметтік қолдау, күтілетін өмір сүру ұзақтығы, еркіндік, жомарттық пен азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімі кіреді. Сондай-ақ, Gallup-тың ғаламдық сауалнамасы арқылы тұрғындардың өз өміріне қанағаттану деңгейі 0-ден 10-ға дейінгі межеде бағаланады.

Айта кетейік, премьер-министр Олжас Бектенов Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік қызметінің 6 жылдығына арналған мақаласында кейінгі 6 жылда жан басына шаққандағы ЖІӨ 50%-ға артқаны атап өтілді. 2019 жылдан бері өмір сүру ұзақтығы 73 жастан 75 жасқа дейін ұлғайды. Жалпы өлім-жітім 7,8%-ға, ана өлімі 26,3%-ға, нәресте өлімі 15,8%-ға азайған.

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады