Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Англия өз курсанттарын Украинаға жібереді

Саясат
Англия өз курсанттарын Украинаға жібереді

Ұлыбритания Украинамен жасаған келісім аясында өз курсанттарын Украинаға жіберіп, украиналық Қарулы Күштерден тәжірибе алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды РБК сайтына сілтеме жасап, www.malim.kz.

Сонымен қатар, украиналық курсанттар Корольдік әскери академияда оқиды. Бұл шара Украинадағы әскери жетекшілерді дайындауға көмектеседі. Ұлыбританияның курсанттары Украинаға барып, украин әскерінен жауынгерлік тәжірибе алатын болады.

Бұл шешім өткен екі жылда 51 мың украиналық сарбазды оқытқан Interflex операциясының сәтті жүзеге асуының нәтижесінде қабылданды. Англия премьер-министр Кир Стармер жаңа оқу бағдарламасын әзірлейміз деді.

Украина мен Ұлыбритания арасындағы 100 жылдық серіктестік келісіміне сәйкес, Ұлыбритания Украинаға жыл сайын кемінде 3 миллиард фунт стерлинг көлемінде әскери көмек көрсетпекші. Екі ел қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты күшейту үшін «ұзақ қашықтықтағы соққыжасайтын зымырандар, біріктірілген әуе және зымыраннан қорғаныс жүйелері, күрделі қару-жарақ қорлары» саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуді жоспарлап отыр.

Ресей бұл көмекке наразылық білдіріп, ол тек қақтығысты созады, бірақ оның нәтижесін өзгертпейді деп мәлімдеді. Келісімде әскери базалар мен инфрақұрылымды орналастыру мүмкіндігі туралы тармақтар бар, бұл Мәскеудің алаңдаушылығын туғызып отыр.

Кеше Ұлыбритания мен Украина 100 жылдық серіктестікке қол қойғанын жазған болатынбыз.

Фото: Jory Mundy / Shutterstock

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу