freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана мен Алматыдағы 7-9 маусымға арналған ауа райы болжамы

Экология
Астана мен Алматыдағы 7-9 маусымға арналған ауа райы болжамы
Фото: pixabay

Синоптиктер алдағы үш күнде – 7, 8 және 9 маусымда Астана мен Алматы қалаларында қандай ауа райы болатынын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана қаласы

7 маусым
Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан секундына 5–10 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы +14…+16 градус, күндіз +28…+30 градусқа дейін көтеріледі.

8 маусым
Құбылмалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Жел оңтүстік-батыстан соғады: түнде секундына 2–7 метр, күндіз 7–12 метр. Түнде +15…+17 градус, күндіз аптап ыстық болып, +31…+33 градусқа дейін жетеді.

9 маусым
Құбылмалы бұлтты. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр, күндіз екпіні 15–18 метрге дейін күшейеді. Түнде +17…+19 градус, күндіз +30…+32 градус ыстық болады.

Алматы қаласы

7 маусым
Құбылмалы бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +16…+18 градус, күндіз +26…+28 градус болады.

8 маусым
Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде +17…+19 градус, күндіз +30…+32 градусқа дейін ыстық болады.

9 маусым
Құбылмалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Жел оңтүстік-батыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде +17…+19 градус, күндіз ауа температурасы +32…+34 градусқа дейін көтеріледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу