Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырауда прокурор мен салық қызметкері төбелесіп, біреуі жансақтау бөліміне түсті

Оқиға
Атырауда прокурор мен салық қызметкері төбелесіп, біреуі жансақтау бөліміне түсті

Атырауда көлік прокуратурасының қызметкерлері мен облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы арасында жанжал болды, деп хабарлайды Malim.kz azh.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.

28 қаңтарда Атыраудағы ең қымбат мейрамханалардың бірінде прокуратура қызметкері Асқар Жанысбаев пен мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айдын Сауданбеков пен оның орынбасары Әліби Бағытжанов арасында төбелес болған. Қолда бар мәліметтер бойынша, А.Бағытжанов төбелестен кейін комаға түскен. Қазір облыстық ауруханада жатыр. Атырау облысының полиция департаменті оқиғаны растады:

Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерінің дене жарақатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚК 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған оқиға  қатысты прокуратура тексеріс жүргізуде.  

Фото:  Атырау мемлекеттік кірістер департаменті  

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу